https://sputnik.kz/20250110/almatyda-transulttyq-uyymdasqan-qylmystyq-top-musheleri-sottaldy-49879153.html
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Sputnik Қазақстан
Олар 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды 10.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-10T12:55+0500
2025-01-10T12:55+0500
2025-01-10T12:55+0500
қылмыс
алматы
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.2023 жылы синтетикалық есірткіні өнеркәсіптік ауқымда өндіруді жоспарлаған трансұлттық қылмыстық топ ұсталған болатын. Олар Қазақстанда бірнеше есірткі зертханаларын құрып үлгерді. Ал прекурсорлар мен жабдықтарды тасымалдауды, соның ішінде шекарадан өтуді құрылыс материалдары мен тұрмыстық химия атын жамылған логистикалық компания жүзеге асырған.Полиция прекурсорлардың контрабандасымен айналысқан үш шетелдікті ұстады. Артынан қалған айыпталушылар – көрші елдің екі азаматы мен Қазақстан азаматы құрықталды. Олардан мефедрон мен шет мемлекеттің құқық қорғау органы қызметкерінің жалған куәлігі тәркіленді.Ал жалға алынған қоймаларды тінту кезінде психоактивті заттарды синтездеуге арналған 1160 бөшке әртүрлі прекурсорлар, "синтетика" өндіруге арналған 7 қорап арнайы зертханалық жабдық, екі реактор және 5 химиялық құрал-жабдық табылды. Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі шамамен 72,7 тоннаны құрады. Осылайша 8 тонна синтетикалық есірткінің өндірісіне тосқауыл қойылды. Бұл, шамамен, 8 миллион бір реттік дозаға тең.Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың төрт мүшесі кінәлі деп танылып, 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, алматы
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Олар 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz
порталына сілтеме жасап.
2023 жылы синтетикалық есірткіні өнеркәсіптік ауқымда өндіруді жоспарлаған трансұлттық қылмыстық топ ұсталған болатын. Олар Қазақстанда бірнеше есірткі зертханаларын құрып үлгерді. Ал прекурсорлар мен жабдықтарды тасымалдауды, соның ішінде шекарадан өтуді құрылыс материалдары мен тұрмыстық химия атын жамылған логистикалық компания жүзеге асырған.
Полиция прекурсорлардың контрабандасымен айналысқан үш шетелдікті ұстады. Артынан қалған айыпталушылар – көрші елдің екі азаматы мен Қазақстан азаматы құрықталды. Олардан мефедрон мен шет мемлекеттің құқық қорғау органы қызметкерінің жалған куәлігі тәркіленді.
Ал жалға алынған қоймаларды тінту кезінде психоактивті заттарды синтездеуге арналған 1160 бөшке әртүрлі прекурсорлар, "синтетика" өндіруге арналған 7 қорап арнайы зертханалық жабдық, екі реактор және 5 химиялық құрал-жабдық табылды. Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі шамамен 72,7 тоннаны құрады. Осылайша 8 тонна синтетикалық есірткінің өндірісіне тосқауыл қойылды. Бұл, шамамен, 8 миллион бір реттік дозаға тең.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың төрт мүшесі кінәлі деп танылып, 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.