https://sputnik.kz/20250109/qazaqstan-kolik-infraqurylymyna-17-mlrd-dollar-investitsiya-tartady-49846816.html
Қазақстан көлік инфрақұрылымына 17 млрд доллар инвестиция тартады
Қазақстан көлік инфрақұрылымына 17 млрд доллар инвестиция тартады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Биыл көлік министрлігі бірқатар ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін 17 млрд доллар инвестиция тартады, деп хабарлады ведомствоның... 09.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-09T09:58+0500
2025-01-09T09:58+0500
2025-01-09T09:58+0500
көлік
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e8/07/18/45847178_0:110:1174:770_1920x0_80_0_0_74e00dc69b856ed2d92edf038946d506.jpg
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Биыл көлік министрлігі бірқатар ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін 17 млрд доллар инвестиция тартады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Авиациялық жобаларБиыл Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады. Қазіргі таңда бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Автомобиль жолдары2030 жылға дейін 4,7 мың шақырым жаңа автожол салынады, оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар.2025 жылы жүзеге асатын ауқымды жобалар:Бұл жобаларды іске асыруға жалпы көлемі 9 трлн-нан астам теңге инвестиция тарту көзделген. Қазір инвестор іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Темір жол және су көлігі2025 жылы 225 жаңа вагон сатып алынады."Достық – Мойынты" жобасы бойынша темір жол құрылысы аяқталады, бұл өткізу қабілетін 5 есеге арттырып, тәулігіне 12-60 пойыз жұбының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар "Алматы айналма жолы" жобасы жүзеге асырылады", - дейді ведомство.Сондай-ақ "Достық – Бескөл" және "Мойынты – Балқаш" учаскелерінде қозғалыс ашу жоспарланған.Теңіз көлігі және Ақтау портыАқтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталды, бұл порттың өткізу қабілетін арттырады."Бұл Қазақстанның халықаралық логистикадағы орнын нығайтып, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін Транскаспий бағытындағы контейнерлер тасымалы көлемін ұлғайтады. Сондай-ақ Қытайдан Еуропаға жеткізілетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға мүмкіндік береді", - дейді көлік министрлігі.Сонымен қатар портта тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл оның терминалдық қуаты мен контейнерлерді тасымалдаудың тиімділігін арттырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/18/45847178_1:0:1174:880_1920x0_80_0_0_c60d78becde5edf97acd93e4c3585e23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, инвестиция
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Биыл көлік министрлігі бірқатар ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін 17 млрд доллар инвестиция тартады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Биыл Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады. Қазіргі таңда бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2030 жылға дейін 4,7 мың шақырым жаңа автожол салынады, оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар.
2025 жылы жүзеге асатын ауқымды жобалар:
Қызылорда – Жезқазған (208 км)
Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км)
Қарағанды – Жезқазған (572 км)
Сарыағаш қаласы айналма жолы (102 км)
Қызылорда қаласы айналма жолы (20 км)
Қызылорда – Сексеуіл (470 км)
Рудный қаласы айналма жолы (16,9 км)
Жаңаөзен – Кендірлі (156 км)
Петропавл қаласы айналма жолы (8 км)
Түркістан қаласы айналма жолы (29,6 км)
Астана – Қостанай – РФ-мен шекара (830 км)
Шымкент қаласы айналма жолы (48 км)
Атырау – Орал (орташа жөндеу, 516 км)
Алматы – Талғар – Бәйдібек би (68 км)
Бейнеу – Сексеуіл (736 км)
Жайық өзені арқылы өтетін көпір (6,5 км)
Бұл жобаларды іске асыруға жалпы көлемі 9 трлн-нан астам теңге инвестиция тарту көзделген. Қазір инвестор іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2025 жылы 225 жаңа вагон сатып алынады.
"Достық – Мойынты" жобасы бойынша темір жол құрылысы аяқталады, бұл өткізу қабілетін 5 есеге арттырып, тәулігіне 12-60 пойыз жұбының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар "Алматы айналма жолы" жобасы жүзеге асырылады", - дейді ведомство.
Сондай-ақ "Достық – Бескөл" және "Мойынты – Балқаш" учаскелерінде қозғалыс ашу жоспарланған.
Теңіз көлігі және Ақтау порты
Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталды, бұл порттың өткізу қабілетін арттырады.
"Бұл Қазақстанның халықаралық логистикадағы орнын нығайтып, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін Транскаспий бағытындағы контейнерлер тасымалы көлемін ұлғайтады. Сондай-ақ Қытайдан Еуропаға жеткізілетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға мүмкіндік береді", - дейді көлік министрлігі.
Сонымен қатар портта тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл оның терминалдық қуаты мен контейнерлерді тасымалдаудың тиімділігін арттырады.