https://sputnik.kz/20250109/qaragandyda-turgyn-uy-ortenip-eki-buldirshin-koz-zhumdy-49856940.html
Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, екі бүлдіршін көз жұмды
Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, екі бүлдіршін көз жұмды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қаңтар - Sputnik. Қарағандыда екі пәтерлі үй өртеніп, екі бүлдіршін қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз... 09.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-09T15:22+0500
2025-01-09T15:22+0500
2025-01-09T15:22+0500
өрт
қарағанды
https://sputnik.kz/img/418/47/4184757_0:0:1033:581_1920x0_80_0_0_2e7d7004d114db38caf5abe78b47612c.jpg
АСТАНА, 9 қаңтар - Sputnik. Қарағандыда екі пәтерлі үй өртеніп, екі бүлдіршін қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер 1964 жылғы әйелді құтқарған. Ол Мақажанов атындағы клиникаға көмірқышқыл газымен улану және күйіктермен жеткізілді.Құтқарушылар өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шықты деп болжап отыр. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар жасалып жатыр.
https://sputnik.kz/20241122/batys-qazaqstanda-ort-kezinde-balalar-kopqabatty-uydin-terezesinen-sekirdi-48734400.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/418/47/4184757_128:0:903:581_1920x0_80_0_0_af1e0e2f92f8fd5322c663c4264ec94d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, қарағанды
Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, екі бүлдіршін көз жұмды
АСТАНА, 9 қаңтар - Sputnik. Қарағандыда екі пәтерлі үй өртеніп, екі бүлдіршін қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"Пришахтинская көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үй өртенді. Төтенше жағдай қызметкерлері келгенге дейін 2017 және 2015 жылғы екі бала өздігінен шығып, балалар клиникалық ауруханасына көмірқышқыл газымен улану диагнозымен жеткізілді. Құтқарушылар үйден 2020 және 2022 жылғы екі баланың денелерін тапты", - дейді ведомстводан.
Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер 1964 жылғы әйелді құтқарған. Ол Мақажанов атындағы клиникаға көмірқышқыл газымен улану және күйіктермен жеткізілді.
Құтқарушылар өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шықты деп болжап отыр. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар жасалып жатыр.