https://sputnik.kz/20250109/mobildi-audarymdar-kasipkerler-paydasyn-qalay-zhasyrady-49861472.html
Мобильді аударымдар: кәсіпкерлер пайдасын қалай жасырады
Мобильді аударымдар: кәсіпкерлер пайдасын қалай жасырады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті бизнестің мобильді аударымдармен өз пайдасын қалай жасыратынын нақты статистикамен көрсетті, деп... 09.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-09T17:27+0500
2025-01-09T17:27+0500
2025-01-09T17:53+0500
жеке кәсіпкерлер
салық
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653876_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7206c563bbd19c2abb984f25bf72256c.jpg
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті бизнестің мобильді аударымдармен өз пайдасын қалай жасыратынын нақты статистикамен көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жеке тұлғалардың табысын әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынованың айтуынша, былтыр алты айдың ішінде кәсіпкерлердің 76 проценті өз табысын 5 миллион теңгеден төмен деп көрсеткен.Оның айтуынша, салықтан жалтарғысы келетін кәсіпкерлер төлемді мобильді аударымдармен қабылдайды. Оны ұлттық банктің 2023 жылғы статистикасы да растап отыр. Оған сәйкес, тауар мен қызметтер үшін төлемдердің жалпы көлемі 50,3 трлн теңге болған. Бірақ аударымдардың көлемі 80 триллионнан асып түсті.Айта кетері, 2025 жылдан бастап банктерден жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары жасаған мобильді аударымдар туралы ақпарат алынады. Банктер салықшыларға 2024 жылдың қорытындысы бойынша есеп ұсынады.
https://sputnik.kz/20250109/salyqshylar-naqty-qanday-mobildi-audarymdar-baqylauga-alynganyn-tusindirdi-49852585.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653876_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_d8a00a1bdb2101e1d9916bf075252014.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеке кәсіпкерлер, салық
Мобильді аударымдар: кәсіпкерлер пайдасын қалай жасырады
17:27 09.01.2025 (жаңартылды: 17:53 09.01.2025) АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті бизнестің мобильді аударымдармен өз пайдасын қалай жасыратынын нақты статистикамен көрсетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жеке тұлғалардың табысын әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынованың айтуынша, былтыр алты айдың ішінде кәсіпкерлердің 76 проценті өз табысын 5 миллион теңгеден төмен деп көрсеткен.
"Енді осы соманы алты айға бөліп көрейікші. Сонда күн сайынғы табыс небәрі 27 мың теңгені құрайды. Ал үйдің жанындағы қай дүкенде ондай табыс болады деп ойлайсыз ба? Ондай кәсіпкерлердің бәрі өз табысын төмендетіп көрсетеді", - деді Құсайынова бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, салықтан жалтарғысы келетін кәсіпкерлер төлемді мобильді аударымдармен қабылдайды. Оны ұлттық банктің 2023 жылғы статистикасы да растап отыр. Оған сәйкес, тауар мен қызметтер үшін төлемдердің жалпы көлемі 50,3 трлн теңге болған. Бірақ аударымдардың көлемі 80 триллионнан асып түсті.
Айта кетері, 2025 жылдан бастап банктерден жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары жасаған мобильді аударымдар туралы ақпарат алынады. Банктер салықшыларға 2024 жылдың қорытындысы бойынша есеп ұсынады.