Астана вокзалында баласын тастап кеткен ана қандай жазаға тартылады

© Sputnik / Болат ШайхиновПлатная парковка на вокзале Астаны
Платная парковка на вокзале Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Астананың ескі вокзалы маңайында қараусыз қалған баланың анасы әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция іздеу шараларын күшейтілген режимде жүргізіп жатыр. Баласын қалдырып кеткен ананың аты-жөні белгілі. Бірақ оның қай жерде жүргені анықталмай жатыр.
Күні кеше WhatsApp чаттарда ескі вокзал маңайында 3-4 жасар баланың табылғаны туралы ақпарат тарады. Оның қалтасында "баладан бас тартамын" деген хат болған көрінеді.
Көліктегі полиция баланың қараусыз қалғанын растады. Құқық қорғаушылар бірден іздеу шараларына кірісті. Баланы уақытша ауруханаға орналастырды. Ал "Астана" станциясының желілік полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 119-бабы (қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша 100 АЕК-ке (393 200 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 120 сағатқа дейiнгі қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 45 тәулікке дейін қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Младенец - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2024
Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан сәбидің денесі табылды
Жаңалықтар
0