https://sputnik.kz/20250108/songy-eki-zhylda-uyymdasqan-qylmystyq-toptar-boyynsha-120-dan-astam-qylmystyq-is-qozgaldy-49816871.html
Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 120-дан астам іс қозғалды
Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 120-дан астам іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес жүргізу бағытында жұмыстарын жалғастыруда, деп... 08.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-08T08:39+0500
2025-01-08T08:39+0500
2025-01-08T11:38+0500
қылмыстық топ
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес жүргізу бағытында жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Polisia.kz. Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелді, соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты. Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылды.Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни "қылмыс әлемінің беделділері" ұсталды. Жақын шет елдерден келген алты "заңдағы ұрының" Қазақстан аумағында болуының алдын алынды. Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды. Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды. "Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданатын болады", – деп атап өтті ведомствода.
https://sputnik.kz/20241130/azamattardyn-atyna-nesie-rasimdegen-qylmystyq-top-ustaldy-48943954.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық топ, ішкі істер министрлігі
қылмыстық топ, ішкі істер министрлігі
Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 120-дан астам іс қозғалды
08:39 08.01.2025 (жаңартылды: 11:38 08.01.2025) АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес жүргізу бағытында жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелді, соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты. Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылды.
Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни "қылмыс әлемінің беделділері" ұсталды. Жақын шет елдерден келген алты "заңдағы ұрының" Қазақстан аумағында болуының алдын алынды.
Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды. Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды.
"Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданатын болады", – деп атап өтті ведомствода.