Колледждің бір студентін даярлауға кететін қаржының көлемі екі есеге артады

© Региональная служба коммуникаций Алматинской областиДеньги, калькулятор. Иллюстративное фото
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев колледж студенттерін даярлауға бөлінетін қаржының екі есе артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері ұлғаяды.
“Қазіргі күнгі қолданыстағы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес, 1 студентті даярлау үшін бөлінетін қаржының орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, ол енді орташа есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады”,- деді Бейсембаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бірақ ол қаржыны нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге ғана беріледі.
“Жаңа қаржыландыру жүйесі - бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, білім ұйымдарын заманауи материал-техникалық құралдармен жабдықтауға және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді”,-деп атап көрсетті министр.
Программирование - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2024
Колледж студенттері онлайн форматта оқи алады - заң жобасы
Жаңалықтар
0