Колледждер АЭС-ке қажетті мамандарды даярлай бастайды

© Photo : Официальный аккаунт Назарбаев Университета в Facebook Студенты Назарбаев Университета
 Студенты Назарбаев Университета - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда атом электр станциясына қажетті мамандарды даярлау басталады. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәләмдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің айтуынша, АЭС құрылысына 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам қажет болады. Ал 2032 жылы құрылыс шарықтау шегіне жетеді. Сол кезде 10 мыңға жуық адам жұмысқа тартылады.
“АЭС-ті пайдалану кезеңінде жоба кемінде 2 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді”,— деді Сәтқалиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Мамандарды даярлау үшін колледждерде қажетті бағыттар ашылады.
Олар:
дозиметрист;
газтурбина слесары;
АЭС жабдықтарды жөндеу маманы;
ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар;
Строительство АЭС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2024
Тоқаев министрге АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырды
Жаңалықтар
0