Ақтөбеде жол белгілерін жасауға бөлінген 272 млн теңге жымқырылған

© SputnikМужчина кладет деньги в карман пиджака, иллюстративное фото
Мужчина кладет деньги в карман пиджака, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2025
Жазылу
Орталық директоры іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған
АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратурасы.
Ол іс жүзінде орындалмаған жұмысты қабылдаған.
"Директор өз қызметін пайдаланып мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған", - дейді ведомство.
Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша іс қозғалды. Директорға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.
Купюры в руках  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2024
Ақтөбе облысында балабақша бухгалтерлері 54 млн теңге жымқырған
Жаңалықтар
0