https://sputnik.kz/20250107/qandastardy-koshiru-kezinde-alayaqtyq-areketter-anyqtaldy-49808396.html
Қандастарды көшіру кезінде алаяқтық әрекеттер анықталды
Қандастарды көшіру кезінде алаяқтық әрекеттер анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Целиноград ауданы прокуратурасы қандастарды көшіру кезінде болған алаяқтық әрекеттерді анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 07.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-07T12:38+0500
2025-01-07T12:38+0500
2025-01-07T12:38+0500
қандастар
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_85a0ee0e5d4e9f80b19fb2c66dfdb337.jpg
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Целиноград ауданы прокуратурасы қандастарды көшіру кезінде болған алаяқтық әрекеттерді анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап. Прокурорлар аудандық мансап орталығының қызметін тексеріп шықты. Сол кезде азаматтардың ерікті қоныс аударуын ұйымдастыру заңнамасы талаптарын бұзу фактілері анықталды. Қазіргі кезде қандастарға қатысты ірі мөлшерде алаяқтық жасау деректері бойынша іс қозғалды. Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық, екі немесе одан да көп адамға қатысты әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Іс материалдары одан әрі талқылау үшін Ақмола облысының экономикалық тергеу органдарына жолданды. Бұдан бөлек, аудан прокуратурасымен енгізілген қадағалау актісі негізінде Ақмола облысының Еңбек мобильдік орталығы мемлекеттен заңсыз алынған қаражатты қайтару туралы талап арыздарын сотқа берді. Аталған заң бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30982095_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0ee83c5bec3dc6b5908c0e5e5f7adda6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қандастар, алаяқтық
Қандастарды көшіру кезінде алаяқтық әрекеттер анықталды
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Целиноград ауданы прокуратурасы қандастарды көшіру кезінде болған алаяқтық әрекеттерді анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап.
Прокурорлар аудандық мансап орталығының қызметін тексеріп шықты. Сол кезде азаматтардың ерікті қоныс аударуын ұйымдастыру заңнамасы талаптарын бұзу фактілері анықталды.
"Қандастардың өңірдегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алуға арналған материалдық көмекті заң бұзушылықтармен алғаны, сондай-ақ материалдық көмекті жымқыру фактілерінің орын алғанын анықтады. Залалдың жалпы сомасы 20 млн теңгені құрады", - дейді прокурорлар.
Қазіргі кезде қандастарға қатысты ірі мөлшерде алаяқтық жасау деректері бойынша іс қозғалды. Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық, екі немесе одан да көп адамға қатысты әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Іс материалдары одан әрі талқылау үшін Ақмола облысының экономикалық тергеу органдарына жолданды.
Бұдан бөлек, аудан прокуратурасымен енгізілген қадағалау актісі негізінде Ақмола облысының Еңбек мобильдік орталығы мемлекеттен заңсыз алынған қаражатты қайтару туралы талап арыздарын сотқа берді. Аталған заң бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.