Ақмола облысында өрт болған моншадан 25 адам шығарылды

© SputnikФото с места пожара в коттедже на ул. Хан-Тенгри
Фото с места пожара в коттедже на ул. Хан-Тенгри - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысында екі қабатты монша өртенді. Құтқарушылар 25 адамды қауіпсіз жерге шығарып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай Целиноград ауданындағы Қараөткел кентінде болған. Екі моншаның ішінде ағаш қаптама жанған. Содан өрт шықты.
"Өрт сөндірушілер баспалдақпен 25 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Олардың ішінде 17 бала бар. Бұдан бөлек, 3 газ баллоны шығарылды", - дейді құтқарушылар.
Құтқарушылар өртті жылдам өшірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өртті себебі анықталып жатыр.
Пожар в жилом доме Петропавловска - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2025
Тоқсанға жуық өрт өшірілді: құтқарушылар жаңа жыл түнінде күшейтілген режимде жұмыс істеді
Жаңалықтар
0