https://sputnik.kz/20250107/almatyda-erli-zayyptyny-atyp-ketti-kudikti-qolga-tusti-49811791.html
Алматыда ерлі-зайыптыны атып кетті: күдікті қолға түсті
Алматыда ерлі-зайыптыны атып кетті: күдікті қолға түсті
Sputnik Қазақстан
Күдікті жәбірленушілердің үйінде жиһаз орнатқан. Сол кезде сейфті байқап қалған 07.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-07T20:52+0500
2025-01-07T20:52+0500
2025-01-07T20:52+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/103/63/1036352_0:293:5616:3452_1920x0_80_0_0_3c1fc69a47d306a8c0c4bf5bb12726a0.jpg
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Алматыда полицейлер 20 желтоқсанда қаланың Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған аса ауыр қылмыстың бетін ашты, деп хабарлады Polisia.kz.Қарақшылық шабуыл салдарынан ерлі-зайыпты ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасаған адамның жеке басы анықталды.Күдікті ерлі-зайыптының үйіне барып, жаңа жиһаз орнатып берген. Сол кезде сейфті байқап қалып, тонауды жоспарлаған.Қаскөй бетін медициналық бетперде және шарфпен жасырып, таңертең олардың есік қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытып, олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмек шақыра бастаған. Осы кезде күдікті ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/103/63/1036352_312:0:5304:3744_1920x0_80_0_0_af40d9c9686411980bfb48ca46aee514.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматыда ерлі-зайыптыны атып кетті: күдікті қолға түсті
Күдікті жәбірленушілердің үйінде жиһаз орнатқан. Сол кезде сейфті байқап қалған
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Алматыда полицейлер 20 желтоқсанда қаланың Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған аса ауыр қылмыстың бетін ашты, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарақшылық шабуыл салдарынан ерлі-зайыпты ауыр жарақат алған. Қазір олар ауруханада жатыр. Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасаған адамның жеке басы анықталды.
"Бұл – Жетісу өңірінен келген 38 жастағы азамат. Бір күн бұрын ол ұсталып, қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті ерлі-зайыптының үйіне барып, жаңа жиһаз орнатып берген. Сол кезде сейфті байқап қалып, тонауды жоспарлаған.
Қаскөй бетін медициналық бетперде және шарфпен жасырып, таңертең олардың есік қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытып, олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмек шақыра бастаған. Осы кезде күдікті ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталады.