https://sputnik.kz/20250106/zhetisu-oblysynda-mal-qorymyna-zhaqyn-zherler-memleketke-qaytaryldy-49785182.html
Жетісу облысында мал қорымына жақын жерлер мемлекетке қайтарылды
Жетісу облысында мал қорымына жақын жерлер мемлекетке қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Сот 14,6 гектар жер учаскесін жалға беру шартын жарамсыз деп таныды 06.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-06T15:59+0500
2025-01-06T15:59+0500
2025-01-06T16:00+0500
жетісу облысы
https://sputnik.kz/img/old/922/18/9221810_0:161:2900:1792_1920x0_80_0_0_5f030f136cbc181207c5af725c2c3287.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Сібір жарасын жұқтырған малдың өлексесі көмілген аумақтарға жақын жерлер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Жетісу облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті Сарқан ауданында мал қорымына жақын жерде пайдалы қазбаларды өндірумен айналысқан жер пайдаланушының үстінен сотқа талап арыз берді.Талап арызда ауданы 14,6 гектар жер учаскесін жалға беру шартын жарамсыз деп тану, жер пайдаланушыға бүлінген жерлерді қалпына келтіруді міндеттеу және уақытша ақылы ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын тіркеудің күшін жою талаптары көрсетілген.Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімімен аталған жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.Мемлекеттік органдар жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/922/18/9221810_149:0:2753:1953_1920x0_80_0_0_bc28036719ea9fcb51a708b776a7876b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы
Жетісу облысында мал қорымына жақын жерлер мемлекетке қайтарылды
15:59 06.01.2025 (жаңартылды: 16:00 06.01.2025) Сот 14,6 гектар жер учаскесін жалға беру шартын жарамсыз деп таныды
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Сібір жарасын жұқтырған малдың өлексесі көмілген аумақтарға жақын жерлер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жетісу облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті Сарқан ауданында мал қорымына жақын жерде пайдалы қазбаларды өндірумен айналысқан жер пайдаланушының үстінен сотқа талап арыз берді.
Талап арызда ауданы 14,6 гектар жер учаскесін жалға беру шартын жарамсыз деп тану, жер пайдаланушыға бүлінген жерлерді қалпына келтіруді міндеттеу және уақытша ақылы ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын тіркеудің күшін жою талаптары көрсетілген.
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімімен аталған жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
Мемлекеттік органдар жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.