"Үсті өртеніп жатса да балаларын құтқарып жүрген": Талдықорғандағы трагедияның мән-жайы
20:04 06.01.2025 (жаңартылды: 20:09 06.01.2025)
© Sputnik / Айдана ДайыроваТалдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
© Sputnik / Айдана Дайырова
Жазылу
Отағасы әйелін далаға көтеріп шығып, үйге қарай жүгірген
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Талдықорғанда тұрғын үйде газдың жарылуы салдарынан ерлі-зайыпты көз жұмды. Бес бала ауруханада жатыр. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
© Sputnik / Айдана ДайыроваТалдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
© Sputnik / Айдана Дайырова
Бір әулетке қасірет болып, бір шаңырақты ортасына түсірген қайғылы оқиға 31 желтоқсанға қараған түні болған. Ерлан мен Дәния төрт баласымен және қонаққа келген туысқан қызбен бірге Жаңа жылды қарсы алу қамымен жүрген. Ойламаған жерден газ жарылып, әулет қара жамылған.
"Ағам 73 жылғы, жеңгем 78 жылғы. Ағам қайтыс болды, кеше жеңгем де өмірден озды. Төрт бала палатаға ауыстырылды. Үшінші ұлы жансақтау бөлімінде жатыр. Ағамның үш ұл, бір қызы бар. Жеңгемнің жиені қонаққа келген. Сонда үйде бес бала болған. Ағамның ең үлкені 25 жаста. Кенже қызы 4-ші сыныпта оқиды", - дейді Ерлан Бекбаевтың ағасы Беглан.
Марқұмның туыстарының айтуынша, газдың иісі оқиға болардан бірнеше күн бұрын шыққан.
"Көшеден ары-бері өткендер де, қар күреуге шыққан ағамның баласы да газдың иісін сезген. Бірақ қай жерден шығып жатқанын білмеген. Үйде газдың сигналы да ойнаған. Газ мамандары келіп, газ плитаның жанын тексеріп кетіп қалған. Газ жердің астынан шыққан, оны ешкім тексермеген", - дейді марқұм жігіттің әпкесі Айнаш Аликеева.
© Sputnik / Айдана ДайыроваТалдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
© Sputnik / Айдана Дайырова
Талдықорғанда 1140 км газ құбыры бар, соның 90%-і жер асты арқылы жүргізілген.
"Газ үйден емес, көшеден келген. Таңертең келінім жуынатын бөлменің есігін ашқанда жарылыс болған. Үлкен немерем матрацта жатқан. Жарылғанда матрацымен қосып керегеге лақтырған. Сол матрацтың артында қалып, өрттен аман қалған. Осы үйдің иесі балам әйелін далаға көтеріп шығып, үйге балаларға жүгірген. Екінші қабатта ұлым үсті өртеніп жатса да балаларын құтқарып жүр дейді, оны көршісі көріпті. Өйткені керегеден түк қалмаған, көршім жанталасып жүгіріп балаларды құтқаруға көмектескен", - дейді марқұмның анасы Күләш Бекбаева.
Ерланды 96%, ал Дәнияны 98% күйік шалған. Бірақ ерлі-зайыпты балаларын құтқару үшін жанталасып жүгіре берген. Тіпті жедел жәрдем көлігіне де өз аяғымен отырған.
© Sputnik / Айдана ДайыроваТалдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Балам келінге "Мен өлемін" деп айтыпты. Келінім уайымдап сондай жылаған. Көп ұзамай келінім де түс көреді. Түсінде аппақ болып аспанға ұшып бара жатқанда қара қарғалар шоқып тастапты. Марқұм шалым да түсіме кіріп, мазамды алды. Ерлан бір апта бұрын ғана ауыр ота жасатып еді, бірақ сонысына қарамай іс-сапарға кетіп қалыпты. Алыс жолға шықса ылғи өзім шығарып салушы едім, сол іс-сапарын білмей қалыппын, шығарып сала алмадым. Баламнан кешірім сұраумен отырмын", - деп егілді жасы сексенді алқымдаған кейуана.
Ерлан Бекбаев ауылшаруашылығы саласында еңбек еткен. Жұмысында сыйлы, еңбекқор маман болған. Әйелі Дәния медицина саласында жұмыс істеген. Ал үш ұлы спортпен шұғылданған, тіпті халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғап жүрген.
Оқиғаның мән-жайын "Qazaqgaz aimaq" АҚ Жетісу өндірістік филиалының басшысы Айдар Малиевтен сұрадық. Оның айтуынша, газ тараған құбыр бұл компанияныкі емес.
"28 желтоқсан күні Бекбаевтар бізге тапсырыс жасаған. Үй иесі газ сигналының ойнағанын, газ плитаның өшіп қалғанын ғана айтқан. Біздің мамандар ас бөлмені ғана емес, барлық есептеуіш құралы мен құбырларды тексерген. Бірақ газ ауаға тарамаған. Біздің қызмет көрсететін құбырларда еш ақау болмаған. 28 желтоқсаннан кейін ешбір тапсырыс түскен жоқ, көшеде газдың иісі шығатыны туралы да үй иесі айтпады", - дейді Айдар Малиев.
Жарылыс болған үйдің маңында Береке ықшам ауданы бар, бұл жерге 2019 жылы газ тартылған. 2023 жылы осы шағын аудандағы газ құбырларының сапасы нашар екенін, құбырларды алып тастау керектігін айтып, "Qazaqgaz aimaq" АҚ Жетісу өндірістік филиалы сотқа жүгінеді. Бірақ тұрмысы төмен отбасыларға берілген жер болғандықтан компания сотта жеңіледі.
© Sputnik / Айдана ДайыроваТалдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
© Sputnik / Айдана Дайырова
Бекбаевтардың үйі мешіт жанында орналасқан. Ал мешітке газ құбыры Береке ықшам ауданынан тартылған. Сондай-ақ дәл сол жарылған үйдің қасында су құбырлары мен кәріз құдығы бар. Газ сол құдыққа жиналған. Әкімдіктен құрылған комиссия Береке ықшам ауданынан мешітке тартылған газ құбырын бітеп тастайды, сонда ғана су құбыры құдығындағы газ азайған.
Айта кетері, құдықтағы газды тексергеннен кейін ғана дәл сол маңда мешітке тартылған газ құбыры бары белгілі болған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
"Qazaqgaz aimaq" АҚ Жетісу өндірістік филиалы мамандары өз құбырларының ақауы жоқтығын айтып отыр.
© Sputnik / Айдана ДайыроваТалдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
1/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
© Sputnik / Айдана ДайыроваТалдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
2/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
© Sputnik / Айдана ДайыроваТалдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
3/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
© Sputnik / Айдана ДайыроваТалдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
4/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
1/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
2/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
3/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
4/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылды
"Жарылыс болған үйдің аумағын және оған іргелес аумақты тексеру барысында су құбыры мен кәріз құдықтарында газдану белгілері анықталды. Газдың қай жерден кетіп жатқанын білу үшін жерасты газ құбырының осі бойымен екі газ құбырын бұрғыладық. Нәтижесінде құдықтан газдың жоғары концентрациясы анықталып, газдың жер астынан шыққаны белгілі болды. Ресми тексеру нәтижесі бойынша біз қызмет көрсететін газ желілерінен газ шықпаған және олар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр", - дейді Айдар Малиев.
"Qazaqgaz aimaq" АҚ Жетісу өндірістік филиалы мамандары мекемеге жала жаппай, тергеу нәтижесін күтуді сұрады.