https://sputnik.kz/20250106/toqaev-kis-astana-khalyqaralyq-mektebin-aralap-kordi-49773336.html
Тоқаев KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Тоқаев KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қаңтар - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді. Президент ең алдымен Kazakhstan International School Astana (KIS... 06.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-06T11:57+0500
2025-01-06T11:57+0500
2025-01-06T11:57+0500
қасым-жомарт тоқаев
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e9/01/06/49769898_0:121:1280:841_1920x0_80_0_0_7b422a23617f238d435637d5ffd804ca.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді. Президент ең алдымен Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) мектебіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.20 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан білім беру мекемесі 800 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 120 балаға есептелген. Мектеп халықаралық бакалавриат (IB) аккредитациясынан өткен. Бұл беделді бағдарлама үш бағытты қамтиды. Атап айтқанда, 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға арналған бастауыш (Primary Years Programme, PYP), 11-ден 16 жасқа дейінгі балаларға есептелген орта (Middle Years Programme, MYP) және 16-19 жас аралығындағы ересек оқушыларға бейімдеген дипломдық оқу бағдарламасы (Diploma Programme, IB) бар.Оқу кабинеттері әрбір оқушының алаңсыз білім алуына және қарым-қабілетін ашуына қолайлы жағдай жасайтын заманауи технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте футбол стадионы, теннис корты, шағын футбол алаңы және бассейн секілді спорт инфрақұрылымы қарастырылған.Мемлекет басшысы Қазақстанда білім беру деңгейін арттырудың маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, жас буынның бәсекеге қабілетін шыңдауда әрі жан-жақты дамытуда осындай оқу орындары ерекше рөл атқаратынына назар аударды.
https://sputnik.kz/20250105/otken-zhyly-salyngan-mektepter-sany-rekordtyq-korsetkish-zhetti-49758698.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/06/49769898_76:0:1204:846_1920x0_80_0_0_9674631a7ba1d2d775215fe9eccaf361.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мектеп
қасым-жомарт тоқаев, мектеп
Тоқаев KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
АСТАНА, 6 қаңтар - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді. Президент ең алдымен Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) мектебіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
20 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан білім беру мекемесі 800 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 120 балаға есептелген. Мектеп халықаралық бакалавриат (IB) аккредитациясынан өткен. Бұл беделді бағдарлама үш бағытты қамтиды. Атап айтқанда, 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға арналған бастауыш (Primary Years Programme, PYP), 11-ден 16 жасқа дейінгі балаларға есептелген орта (Middle Years Programme, MYP) және 16-19 жас аралығындағы ересек оқушыларға бейімдеген дипломдық оқу бағдарламасы (Diploma Programme, IB) бар.
Оқу кабинеттері әрбір оқушының алаңсыз білім алуына және қарым-қабілетін ашуына қолайлы жағдай жасайтын заманауи технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте футбол стадионы, теннис корты, шағын футбол алаңы және бассейн секілді спорт инфрақұрылымы қарастырылған.
Мемлекет басшысы Қазақстанда білім беру деңгейін арттырудың маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, жас буынның бәсекеге қабілетін шыңдауда әрі жан-жақты дамытуда осындай оқу орындары ерекше рөл атқаратынына назар аударды.