Қазақстанда тағы бір Қытай зауыты салынуы мүмкін

© Photo"Үлбі-ТВС" зауыты
Үлбі-ТВС зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2025
Жазылу
Қытайлық инвестор Қазақстанда цемент зауытын салу мүмкіндігін қарастыруда
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Қытайлық "Sinoma Cement Co. Ltd" компаниясының президенті Якун Ронг "Kazakh Invest" басшысы Ержан Елекеевпен Ақтөбе облысында цемент зауытын салу жоспарын талқылады.
Бұл туралы инвесторларды тарту жөніндегі қазақстандық мемлекеттік компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Қытайлық компания "Primus Capital" ЖШС-мен бірлесіп 2027 жылы жылына 1,3 млн тонна цемент шығаратын зауытты іске қосып, 360 жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр. Жобаның құны 200 миллион доллардан асады", - делінген хабарламада.
Қазақстан үкіметімен инвестициялық келісімге қол қою жоспарлануда. Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы бор, саз және мергель кен орындарын игеруге лицензия беріліп, геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, шикізат қоры мен сапасы расталды.
Sinoma Cement өкілдері зауыттың Қазақстан мен Орталық Азиядағы компанияның алғашқы жобасы болатынын хабарлады. Якун Ронг жобаның озық технологиялар мен сапа стандарттарын қолдану арқылы жүзеге асырылатынын айтты. Тараптар зауытты Ақтөбе облысында орналастыру Қазақстан мен Ресей нарығына қолжетімділік беретінін мәлімдеді.
Sinoma Cement - шетелдегі цемент өнеркәсібінің өндірістік активтеріне инвестициялауға маманданған Қытай мемлекеттік корпорациясының бөлігі. Sinoma Cement Африка мен Таяу Шығыста 20-дан астам жобаны сәтті жүзеге асырды.
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Алматыда тәулігіне 2 мың тонна қалдықты кәдеге жарататын зауыт салынады
Жаңалықтар
0