Әлемдегі ең қауіпті және ерекше жолдар - фото

Миссисога қаласындағы Торонто Пирсон халықаралық әуежайынан шығатын жол, Онтарио.
Бұл АҚШ-тағы жүктемесі ең көп жолдардың бірі және 22 жолақтан тұратын әлемдегі ең кең тас жол: 18 негізгі және 4 кіру жолағы бар.
Сонымен қатар Macdonald-Cartier Freeway ретінде белгілі №401 шоссе Виндзор мен Квебек қаласы арасында мозылып жатыр.

Атлант мұхиты арқылы өтетін жолдың бір бөлігі.
Жол 64 тас жолының бір бөлігі болып табылады және Атлант мұхитының солтүстік жағалауымен өтіп, елді мекендер арасындағы шағын аралдарды байланыстырады. Жол бойындағы басты көрнекті орындардың бірі - Сторсезандет көпірі немесе "Ешқайда апармайтын көпір".

Маккензи өзеніндегі мұз жолы, Канада.
Бұл қысқы жол Солтүстік поляр шеңберінен небәрі 400 шақырым жерде орналасқан елдің қиыр солтүстігіндегі Туктояктук ауылына апарады. Жол жартылай мұздаған өзен арнасымен және ішінара мұздаған Бофорт теңізімен өтеді. Мұздың қалыңдығы екі метрден асады. Деегенмен жүргізушілер қауіпті жолдың соңына дейін сақ болуы керек.

85 тас жолы, Сауд Арабиясы.
Бұл Сауд Арабиясындағы әлемдегі ең ұзын түзу жол және ол Highway 10 деп аталады. Ол бірде-бір бұрылыссыз 256 шақырымға созылып жатыр! Бағыт Әл-Хаса аймағындағы Харад ауылынан мемлекеттік шекараға дейін жетеді. Жолдың екі жағында Руб-әл-Хали шөлі жатыр. Жүргізушілер нағыз марс пейзажын тамашалай алады.

Хьюстон-Техас тас жолы, Route 290 деп аталады.
Жол АҚШ-тың шығыс-батысы арқылы өтеді және Техас штатында орналасқан, оны таулы төбелер, Эдвардс үстірті, Мексика шығанағының жағалауындағы жазықтар мен қарағайлы ормандар құрайды.
