https://sputnik.kz/20250105/shygys-qazaqstanda-qurylys-kompaniyasy-100-den-astam-adamdy-aldagan-49744085.html
Шығыс Қазақстанда құрылыс компаниясы 100-ден астам адамды алдаған
Шығыс Қазақстанда құрылыс компаниясы 100-ден астам адамды алдаған
Sputnik Қазақстан
ШҚО тұрғындары 2 млрд теңге салып, баспанасыз қалды 05.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-05T09:30+0500
2025-01-05T09:30+0500
2025-01-05T09:32+0500
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e9/01/05/49743432_0:98:1045:686_1920x0_80_0_0_0ce2dba56f67e5d834a3274be17cb163.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында құрылыс компаниясының топ менеджерлері көпқабатты тұрғын үй кешенін саламыз деген сылтаумен 1,8 млрд теңге жымқырған.Заңсыз әрекетті Қаржы мониторингі агенттігінің өңірдегі департаменті әшкереледі.Салдарынан құрылыс нысаны "сақалды" құрылысқа айналды. Мерзімі бірнеше рет ұзартылғанымен, тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған.Компаниялар заң талаптарын бұзған, үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсат құжаты болмаған.Қазіргі уақытта күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынып, тергеу изоляторына жабылды.Тергеу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккендерге қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/05/49743432_0:0:1045:784_1920x0_80_0_0_59394ccf6cbf9fce352ed58023dede11.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс
Шығыс Қазақстанда құрылыс компаниясы 100-ден астам адамды алдаған
09:30 05.01.2025 (жаңартылды: 09:32 05.01.2025) ШҚО тұрғындары 2 млрд теңге салып, баспанасыз қалды
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында құрылыс компаниясының топ менеджерлері көпқабатты тұрғын үй кешенін саламыз деген сылтаумен 1,8 млрд теңге жымқырған.
Заңсыз әрекетті Қаржы мониторингі агенттігінің өңірдегі департаменті әшкереледі.
"Тергеу барысында Өскемен қаласында екі күдікті құрылысқа қатысуға арналған жалған келісімшарттар жасап, 102 азаматты алдағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Салдарынан құрылыс нысаны "сақалды" құрылысқа айналды. Мерзімі бірнеше рет ұзартылғанымен, тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған.
Компаниялар заң талаптарын бұзған, үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсат құжаты болмаған.
Қазіргі уақытта күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынып, тергеу изоляторына жабылды.
Тергеу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккендерге қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.