https://sputnik.kz/20250105/biyl-aleumettik-enbek-salasyna-arnalgan-byudzhet-shygysy-14--ga-osti-49745215.html
Биыл әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығысы 14 %-ға өсті
Биыл әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығысы 14 %-ға өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. 2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған республикалық бюджет шығысы 6 трлн 108 млрд-тан астам теңгені құрады, бұл 2024 жылғы... 05.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-05T10:40+0500
2025-01-05T10:40+0500
2025-01-05T10:41+0500
әлеуметтік сала
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742539_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_0ff3cffa0858a66d9510291317c79597.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. 2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған республикалық бюджет шығысы 6 трлн 108 млрд-тан астам теңгені құрады, бұл 2024 жылғы шығыстан 14 %-ға немесе 748,7 млрд теңгеге артық, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Көзделген шығыстың 97,9 %-ы немесе 5 трлн 982 млрд теңгесі азаматтарға әлеуметтік төлемдерге бағытталады.Қалған қаражат халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге, азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыруға және т. б. бағытталады.Айта кетері, қазіргі кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. 2024 жылы жәрдемақы мен зейнетақы төлеуге 4,5 млн адамға, оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 5 трлн 261 млрд теңге жұмсалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742539_398:0:2647:1687_1920x0_80_0_0_15fa2476a2b79c3caced8f7f8a95114c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік сала
Биыл әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығысы 14 %-ға өсті
10:40 05.01.2025 (жаңартылды: 10:41 05.01.2025) АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. 2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған республикалық бюджет шығысы 6 трлн 108 млрд-тан астам теңгені құрады, бұл 2024 жылғы шығыстан 14 %-ға немесе 748,7 млрд теңгеге артық, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Көзделген шығыстың 97,9 %-ы немесе 5 трлн 982 млрд теңгесі азаматтарға әлеуметтік төлемдерге бағытталады.
"Оның ішінде 4 трлн 262 млрд теңге зейнетақымен қамсыздандыруға қарастырылған, бұл шамамен 2,5 млн зейнеткерді қамтуға мүмкіндік береді (саны 77,8 мыңға өскен), 1 трлн 720 млрд теңге – барлық жәрдемақыны төлеуге, бұл шамамен 2,3 млн адамды қамтуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Қалған қаражат халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге, азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыруға және т. б. бағытталады.
Айта кетері, қазіргі кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді. 2024 жылы жәрдемақы мен зейнетақы төлеуге 4,5 млн адамға, оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 5 трлн 261 млрд теңге жұмсалды.