Алматыда 35 км жаңа жол салынады

© Photo : Акимат Нур-Султана Иллюстративті фото
Иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Алматыда биыл 35 км жаңа жол салынады, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Сондай-ақ 300 км жолға, 30 км жаяу жүргіншілер жолына орташа жөндеу жүргізіледі. Ең үлкен жаңалық – 35 км жаңа жол салу жоспарланған.
"Жас Қанат, Шұғыла, Әлмерек, Ақжар, Рахат, Мәдениет және Боралдай шағын ауданы сынды қалаға қосылған аумақтарда жаңа жол салынады. Нәтижесінде 70 мыңнан астам тұрғынға көлік қатынасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді", - дейді әкімдік мамандары.
Қаладағы сапалы жолдардың үлесі 2024 жылы 92% болса, биыл 95%-ке артады.
Еске сала кетейік, былтыр Алматыда ұзындығы 250 км болатын 255 көше жөнделіп, 25 км жаңа жол салынды. Құлжа тас жолы 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, Саин – Мөңке би жолайрығында қозғалыс ашылды.
Жаңалықтар
0