Қазақстанда бидай әкелуге тыйым алынып тасталды

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуСушка зерна, архивное фото
Сушка зерна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 4 қаңтар - Sputnik. Бірінші қаңтарда Қазақстанға бидай әкелуге тыйым салу мерзімі аяқталады, деп хабарлады РИА Новости республиканың ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
"2024 жылғы 21 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында Қазақстанда үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен бидайдың Қазақстан аумағы арқылы транзитін қоспағанда, көліктің барлық түрлерімен бидайды әкелуге тыйым салынды. Осылайша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанға бидай әкелуге тыйым салу мерзімі аяқталады және импорт шектеусіз жүзеге асырылады", - делінген ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Ведомство бидайға қатысты импортты реттеудің қандай да бір тарифтік емес шараларын енгізу мәселесі астық нарығындағы жағдайға қарай реттелетін айтты.
Атап айтқанда: астық қорын, нарықтағы сұраныс пен ұсыныс деңгейін, отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау қажеттілігі ескеріледі. Сондай-ақ "сұр" импортқ, заңсыз кері экспорт схемаларына қарсы күрес жөнінде шаралар қабылдау және әлемдік астық нарығындағы жағдайларды ескере отырып шешіледі.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2024
"Бидай далада қалған жоқ": Сапаров сенат спикерінің сөзіне жауап берді
Жаңалықтар
0