https://sputnik.kz/20250104/prezident-shankhay-yntymaqtastyq-uyymynyn-bas-khatshysyn-qabyldady-49731911.html
Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 04.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-04T12:11+0500
2025-01-04T12:11+0500
2025-01-04T12:11+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/01/04/49731409_0:0:1152:648_1920x0_80_0_0_42a88e6c639b48f8f3a4a1d120aa00a9.jpg
АСТАНА, 4 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Президентке ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның ерекшелігіне тоқталып, оның саяси, экономикалық және мәдени салалардағы өзара ықпалдастықты арттыруда әлеуеті зор екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылады. Мемлекет басшысы Ұйымның жұмысын одан әрі жетілдіру, халықаралық бірлестіктермен байланысын жандандыру, сондай-ақ Қазақстанның ұсынысымен ШЫҰ-да қабылданған "Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы" бастаманы ілгерілету маңызды екенін жеткізді. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімімен Нұрлан Ермекбаев 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/04/49731409_176:0:1040:648_1920x0_80_0_0_2e57a02ddc91f432503d30553645ba56.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
АСТАНА, 4 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президентке ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның ерекшелігіне тоқталып, оның саяси, экономикалық және мәдени салалардағы өзара ықпалдастықты арттыруда әлеуеті зор екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылады.
Мемлекет басшысы Ұйымның жұмысын одан әрі жетілдіру, халықаралық бірлестіктермен байланысын жандандыру, сондай-ақ Қазақстанның ұсынысымен ШЫҰ-да қабылданған "Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы" бастаманы ілгерілету маңызды екенін жеткізді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімімен Нұрлан Ермекбаев 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен болатын.