https://sputnik.kz/20250104/2025-zhyly-qanday-tus-pen-kiim-sange-kiredi-49478445.html
2025 жылы қандай түс пен киім сәнге кіреді
2025 жылы қандай түс пен киім сәнге кіреді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 қаңтар — Sputnik. Адам көркі - шүберек. Адамның көркіне сән беретін, реңіне әр беретін - әлбетте, киім. Талғамға сай киінетін адамдар үшін жаңа жылда... 04.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-04T13:00+0500
2025-01-04T13:00+0500
2025-01-04T13:00+0500
2025 жыл
сән
https://sputnik.kz/img/07e8/03/05/42685987_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_45743c6c4e56d3942e18ac2b93f246a7.jpg
АЛМАТЫ, 3 қаңтар — Sputnik. Адам көркі - шүберек. Адамның көркіне сән беретін, реңіне әр беретін - әлбетте, киім. Талғамға сай киінетін адамдар үшін жаңа жылда жаңа түс пен жаңа үлгідегі киімдер сәнге айналады. Ол қандай киім, қандай түс? Sputnik Қазақстан тілшісі білді.Сәнді қуып, соңына түсу әсте мүмкін емес дейді мамандар. Десе де, талғамға сай, жарасымды киіне білу - өнер. Өйткені киген киімге қарап, адамның өзіне деген құрметінің қаншалықты екенін көруге болады дейді сән саласының шеберлері. 2025 жыл түс пен киім әлемі өзінің сый-тартуын жасайды. Дизайнерлердің айтуынша, келесі жылы кофе түстес мата сәнге кіреді. Бұл туралы сән әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар Аида Қауменова айтты.Егер әр жылдың сәніне қарай киінуді ұнатсаңыз, танымал дизайнер айтқан түсті матадан киім тігіп немесе дайын тігілген киімді сатып алсаңыз болады."Бұл түстерді әрлендіру үшін көгілдір, ақ, және сүт түсті матадан киім кисеңіз тіпті әсем болады. Сонымен қатар жасыл түс те сәнге айналады. Біз бұл түстерді өз коллекцияларымызға кіргіздік. Тіпті 2024 жылы да бұл түстерді қолдандық", - дейді дизайнер.Қауменованың айтуынша, түсті ғана емес, киімді де талғаммен кию керек."Әлемде әртүрлі киім сәнге айналуда. Негізі киім кию адамдардың талғамына байланысты, кебір адам өзіне ыңғайлы киімді таңдаса, енді біреулер ашық киінгенді ұнатады. Кейбір адам өзінің сымбатты мүсінін, әсемдігін көрсеткісі келеді. Мұндай жандар өте жұқа және тор матадан тігілген киімдерді кигенді ұнатады. Сосын спорттық киімдерге деген сұраныс көп, өйткені адамдар спортпен шұғылдануға бет бұрып жатыр", - дейді Аида Қауменова.Дизайнердің айтуынша, спорттық киімдер де жылда сәнді киімдер қатарында."Табиғи матадан тігілген киімдер де сәнді киімдердің қатарында, өйткені адамның денесіне өте ыңғайлы. Технология бір орында тұрған жоқ, қазіргі күні біздің денсаулығымызға, денемізге ыңғайлы синтетикалық киімдер көп", - дейді дизайнер.Қазақстандықтар біраз жыл бұрын ашық түсті киім кимейтін, өйткені, бұл қазақ халқының мінезінде бар ұяңдық, дейді ол.Ал ондай әйел өзінің аяғынан тік тұру керек, дейді дизайнер."Әйел - өз ұлтының бейнесі, Отан отбасынан басталса, әйел сол отбасының берекесі. Өз ұлтының тереңге тамыр жаюы да тікелей әйелге байланысты. Ер адамның қолдаушысы. Ал ондай жанның киім киюінде тәрбие мен талғам болу керек. Өйткені әйел адамның киімінің өзі үлкен өнеге. Мықты ұрпақ тәрбиелеу үшін өзінің рухани байлығын дамыту керек. Рухани байлық адамның киімінен де көрініп тұрады. Қазақстанда негізгі тренд өзіміздің тұлға екенімізді көрсету. Адам киімге емес, киім адамға қызмет ету керек. Ал сол сізге қызмет ететін дүние талғам мен талапқа сай болса нұр үстіне нұр болар еді", - дейді қазақстандық танымал дизайнер.Аида Қауменова биыл да тұтынушыларына жаңа коллекцияларын ұсынады. Ол қандай коллекциялар екені нақты жүзеге асқанда ғана айтылмақ.Сән әлеміндегі қазақстандық танымал дизайнердің бірі - Леонид Жеребцов. Өз коллекцияларына стандартты ақ пен қараны енгізетінін айтты."Келесі жылы қара мен ақ түстер сәнде болады. Сондай-ақ қою көк түсті маталар сәнге кіреді. Ал киімге келсек бұған дейінгі көлемді киімдер біртіндеп басқа үлгідегі киімдерге ауысады. Денеге шақ етіп пішілген, иығына дәл тігілген киімдер сәнге айналады. Етек-жеңі ұзын киімдер мен кең шалбар сән үлгісінде қалуы мүмкін, бірақ әсем болуды армандайтын әйелдер қауымы денесіне шақ етіп тігілген киімдерге назар аударатын болады", - дейді Леонид Жеребцов.Жеребцов бренді биыл да өз тұтынушыларын жаңа коллекцияларымен қуантатын болады. Қазіргі күні көрсетілімге қауырт дайындық жүріп жатыр.2025 жылы сән әлеміндегі тағы бір жаңалық - ұлттық киімдер сәнге айналады. Бұл туралы Жанна Дәуешова айтты."Ұлттық нақыштар, қазақтың ою-өрнектері мен этникалық элементтері сәнді киімдерге заманауи стильде қайта оралады. Бұл өзін ерекше көрсетуде ең үздік жол. Оверсайз және ұзын көйлектер, кең пиджактар сәнде болады, сондай-ақ көпқалталы киімдер де сұраныста болады. Металик элементтер, күміс, алтын түстеріндегі жылтыр элементтерді киімдерден де, аксессурлардан да кездестіретін боламыз. Олар бейнеңізге заманауи акцент беретін экологиялық сән. Қайта өңделген киімдерден жасалған киімдер де сәнге айналады", - дейді Дәуешова. Дизайнердің айтуынша, сән тек әдемілік емес, жауапкершілік. 2025 жыл өзін-өзі таныту және жеке стильді көрсетудің жылы. Ең бастысы трендтен қалмай, әрі өз ерекшелігіңізді сақтауды ұмытпаңыз.
https://sputnik.kz/20240729/nyu-delide-undi-kiim-ulgisinin-san-aptalygy-otti---foto--45944463.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/05/42685987_174:0:2905:2048_1920x0_80_0_0_e12698f0dc2da149737103e50de67a65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
2025 жыл, сән
АЛМАТЫ, 3 қаңтар — Sputnik. Адам көркі - шүберек. Адамның көркіне сән беретін, реңіне әр беретін - әлбетте, киім. Талғамға сай киінетін адамдар үшін жаңа жылда жаңа түс пен жаңа үлгідегі киімдер сәнге айналады. Ол қандай киім, қандай түс?
Sputnik Қазақстан тілшісі білді.
Сәнді қуып, соңына түсу әсте мүмкін емес дейді мамандар. Десе де, талғамға сай, жарасымды киіне білу - өнер. Өйткені киген киімге қарап, адамның өзіне деген құрметінің қаншалықты екенін көруге болады дейді сән саласының шеберлері. 2025 жыл түс пен киім әлемі өзінің сый-тартуын жасайды. Дизайнерлердің айтуынша, келесі жылы кофе түстес мата сәнге кіреді. Бұл туралы сән әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар Аида Қауменова айтты.
"Келесі жылы ең сәнге айналатын түс ақшыл сары мен қоңыр аралас түс, мока деп атайды. Сондай-ақ капучино түс те келесі жылы сәнді түстер қатарына кіреді. Сәл қоңыр сарғыш түсті матадан тігілген киімдер сән әлемінде орын алады. Сонымен қатар шоколад түсті, қоңыр түсті, сүт тәрізді мата мен киімдерді таңдай жүріңіз", - дейді Аида Қауменова.
Егер әр жылдың сәніне қарай киінуді ұнатсаңыз, танымал дизайнер айтқан түсті матадан киім тігіп немесе дайын тігілген киімді сатып алсаңыз болады.
"Бұл түстерді әрлендіру үшін көгілдір, ақ, және сүт түсті матадан киім кисеңіз тіпті әсем болады. Сонымен қатар жасыл түс те сәнге айналады. Біз бұл түстерді өз коллекцияларымызға кіргіздік. Тіпті 2024 жылы да бұл түстерді қолдандық", - дейді дизайнер.
Қауменованың айтуынша, түсті ғана емес, киімді де талғаммен кию керек.
"Әлемде әртүрлі киім сәнге айналуда. Негізі киім кию адамдардың талғамына байланысты, кебір адам өзіне ыңғайлы киімді таңдаса, енді біреулер ашық киінгенді ұнатады. Кейбір адам өзінің сымбатты мүсінін, әсемдігін көрсеткісі келеді. Мұндай жандар өте жұқа және тор матадан тігілген киімдерді кигенді ұнатады. Сосын спорттық киімдерге деген сұраныс көп, өйткені адамдар спортпен шұғылдануға бет бұрып жатыр", - дейді Аида Қауменова.
Дизайнердің айтуынша, спорттық киімдер де жылда сәнді киімдер қатарында.
"Табиғи матадан тігілген киімдер де сәнді киімдердің қатарында, өйткені адамның денесіне өте ыңғайлы. Технология бір орында тұрған жоқ, қазіргі күні біздің денсаулығымызға, денемізге ыңғайлы синтетикалық киімдер көп", - дейді дизайнер.
Қазақстандықтар біраз жыл бұрын ашық түсті киім кимейтін, өйткені, бұл қазақ халқының мінезінде бар ұяңдық, дейді ол.
"Қазақстанда ұзақ уақыт өзінің эмоциясын көрсетуге ұялатын еді, қазіргі күні жастар күнделікті киетін киімдерінде өзін тұлға ретінде көресткісі келеді, қазіргі күні олардың сән мен киім жағынан талғамы жоғары. Біздің шығармашылығымыздың 20 жылдық тарихында біздің басты ұстанымымыз - әсіресе әйел адамдарға арнап сәнді, әсем киім үлгісін ұсыну. Өйткені ақылды, мықты ұрпақты тәрбиелейтін, әлбетте, әйел", - дейді Қауменова.
Ал ондай әйел өзінің аяғынан тік тұру керек, дейді дизайнер.
"Әйел - өз ұлтының бейнесі, Отан отбасынан басталса, әйел сол отбасының берекесі. Өз ұлтының тереңге тамыр жаюы да тікелей әйелге байланысты. Ер адамның қолдаушысы. Ал ондай жанның киім киюінде тәрбие мен талғам болу керек. Өйткені әйел адамның киімінің өзі үлкен өнеге. Мықты ұрпақ тәрбиелеу үшін өзінің рухани байлығын дамыту керек. Рухани байлық адамның киімінен де көрініп тұрады. Қазақстанда негізгі тренд өзіміздің тұлға екенімізді көрсету. Адам киімге емес, киім адамға қызмет ету керек. Ал сол сізге қызмет ететін дүние талғам мен талапқа сай болса нұр үстіне нұр болар еді", - дейді қазақстандық танымал дизайнер.
Аида Қауменова биыл да тұтынушыларына жаңа коллекцияларын ұсынады. Ол қандай коллекциялар екені нақты жүзеге асқанда ғана айтылмақ.
Сән әлеміндегі қазақстандық танымал дизайнердің бірі - Леонид Жеребцов. Өз коллекцияларына стандартты ақ пен қараны енгізетінін айтты.
"Келесі жылы қара мен ақ түстер сәнде болады. Сондай-ақ қою көк түсті маталар сәнге кіреді. Ал киімге келсек бұған дейінгі көлемді киімдер біртіндеп басқа үлгідегі киімдерге ауысады. Денеге шақ етіп пішілген, иығына дәл тігілген киімдер сәнге айналады. Етек-жеңі ұзын киімдер мен кең шалбар сән үлгісінде қалуы мүмкін, бірақ әсем болуды армандайтын әйелдер қауымы денесіне шақ етіп тігілген киімдерге назар аударатын болады", - дейді Леонид Жеребцов.
Жеребцов бренді биыл да өз тұтынушыларын жаңа коллекцияларымен қуантатын болады. Қазіргі күні көрсетілімге қауырт дайындық жүріп жатыр.
2025 жылы сән әлеміндегі тағы бір жаңалық - ұлттық киімдер сәнге айналады. Бұл туралы Жанна Дәуешова айтты.
"Ұлттық нақыштар, қазақтың ою-өрнектері мен этникалық элементтері сәнді киімдерге заманауи стильде қайта оралады. Бұл өзін ерекше көрсетуде ең үздік жол. Оверсайз және ұзын көйлектер, кең пиджактар сәнде болады, сондай-ақ көпқалталы киімдер де сұраныста болады. Металик элементтер, күміс, алтын түстеріндегі жылтыр элементтерді киімдерден де, аксессурлардан да кездестіретін боламыз. Олар бейнеңізге заманауи акцент беретін экологиялық сән. Қайта өңделген киімдерден жасалған киімдер де сәнге айналады", - дейді Дәуешова.
Дизайнердің айтуынша, сән тек әдемілік емес, жауапкершілік. 2025 жыл өзін-өзі таныту және жеке стильді көрсетудің жылы. Ең бастысы трендтен қалмай, әрі өз ерекшелігіңізді сақтауды ұмытпаңыз.