Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Словакия депутаты Украинаның НАТО мен Еуроодаққа қосылуын қолдамауға шақырды

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуНАТО эмблемасы
НАТО эмблемасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. Киев Украина аумағы арқылы газ транзитін біржақты тоқтатқаннан кейін Словакия Украинаның НАТО-ға ғана емес, Еуропалық Одаққа қосылуын да қолдамауы керек, деді Словакия атынан Еуропарламенттің мүшесі Любош Блага, деп хабарлады РИА Новости.
Словакия бұған дейін Украинаның ЕО-ға мүше болу ниетін қолдап, бұған араласпауға уәде берсе, республика премьер-министрі Роберт Фицо Киевтің НАТО-ға мүше болуына қарсы екенін бірнеше рет мәлімдеген.
"Менің ойымша, Словакия ешқашан Украинаның НАТО-ға немесе Еуропалық Одаққа қосылуын қолдамайтыны анық. Словактарға және бүкіл Еуропалық Одаққа экономикалық зиян келтіретін және өз шешімдерін ешкіммен санаспайтан қабылдайтын елге Еуропалық Одақта орын жоқ", - деп жазды Блага өзінің Telegram-арнасында.
Ол гуманитарлық қолдау, мигранттарға көмек және бірлескен жобаларды жүзеге асыру аарқылы "Словакия Украина үшін үлкен көмек көрсетті" деп жазды.
"Біз Украинадан ештеңе талап еткен жоқпыз, бар болғаны ол біздің экономикалық мүдделерімізді ескеріп, газымызды тоқтатпаса дедік", - деді Блага.
2019 жылы жасалған Ресей газының Еуропаға Украина аумағы арқылы транзиті туралы келісімнің мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанында аяқталды. "Газпром" 2024 жылы осы бағыт бойынша шамамен 15 миллиард текше метр газ жеткізді, бұл ЕО-дағы жалпы тұтынудың 4,5 пайызын құрады. Украина билігі 2024 жыл бойы транзиттік келісімді ұзартуды жоспарламайтынын бірнеше рет мәлімдеді. Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украина арқылы газ транзиті туралы келісімшарттың енді болмайтынын айтқан.
Жаңалықтар
0