https://sputnik.kz/20250103/manyzdy-ozgerister-kezeni-zhylan-zhyly-tarikhta-qanday-bolgan-49475181.html
"Маңызды өзгерістер кезеңі": жылан жылы тарихта қандай болған
"Маңызды өзгерістер кезеңі": жылан жылы тарихта қандай болған
Sputnik Қазақстан
Маманның айтуынша, жылан жылы қазақ үшін де, жалпы әлем үшін де маңызды оқиғалар кезеңі болды 03.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-03T18:39+0500
2025-01-03T18:39+0500
2025-01-03T18:39+0500
жылан
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49246285_0:0:2556:1438_1920x0_80_0_0_404b5deb2c69813eea015188ca73d9cb.jpg
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақтың дәстүрлі мүшелдік жыл санауында Жылан жылы ерекше мағынаға ие болған. Жылан жылы, әдетте, күрделі, маңызды өзгерістер мен шешімдер жылы деп сипатталады. Қазақ үйге кірген жыланды өлтірмеген, басына ақ құйып шығарған. Бұл ықылым заманнан қалған ырым. "Ақты жерге төкпе" деп ырымдайтын қазақтың сол ақты жерге төгетін де кездері болған. Үйге кірген жыланның басына ақ құйса жылан да айбарынан қайтады дейді. Бұл сондай-ақ есіктен кірген дұшпанды да қазақ ренжітпеген деген пікірді білдірсе керек.2025 жылан жылы кіреді. Қазақстандық этнограф Болат Бопай жылан жылы болған оқиғалар мен алдағы жылы қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты.1977 жыл – Ақ жылан жылыДәл осы жылы КСРО мен АҚШ арасында қырғи-қабақ соғыс жалғасып, ғарыш саласында бәсекелестік артқан.1989 жыл – Қара жылан жылы"1989 жыл қара Жылан жылы болды. Қазақстанда Желтоқсан оқиғаларынан кейін ұлттық сананың өсуі жалғасты. Семей полигонының жабылуы туралы бастамалар көтерілді. Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы алғашқы қозғалыстар пайда болды", - дейді этнограф.Бұл жылы әлемде де елеулі өзгерістер болған. Берлиннің қабырғасы құлады, бұл оқиға Германияның біртұтас елге айналуына себеп болды. Кеңес Одағының ыдырау кезеңі басталып, экономикалық дағдарыс болды. Әлемде демократиялық қозғалыстар күшейіп, социализмнен нарықтық экономикаға өту байқалды.Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл2001 жылы Ақ жылан жылы енді. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы теңгесі қайта жаңартылды, бұл елдің экономикалық символикасын нығайтты."Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Елімізде IT және технологиялық секторлар даму жолына түсті", - дейді Болат Бопай.2001 жылы әлемді дүр сілкінткен оқиғалардың бірі - 11 қыркүйекте болған АҚШ-тағы теракт. Бұл әлем тарихындағы ең үлкен терактілердің бірі болды, нәтижесінде халықаралық қауіпсіздік мәселелері күшейді.Дәл осы жылы Ауғанстанда соғыс басталды, бұл Орталық Азия елдеріне саяси ықпалын тигізді.Ел экономикасы дамыдыЭтнографтың айтуынша, 2013 жылы Қазақстанда маңызды оқиғалар болды."Бұл жылы ел экономикасы мұнай мен табиғи ресурстардан түскен табыстың арқасында тұрақты дамыды. Алматыда метроның жаңа станциялары ашылып, көлік инфрақұрылымы дамыды. Әлеуметтік реформалар қолға алынып, білім мен денсаулық салаларына басымдық берілді", - дейді Болат Бопай.Бұл жылы спортта қазақстандық боксшылар әлемдік аренада танылып, байрақты бәсекеде Қазақстанның туын талай биікке көтерген. Соның бірі - Геннадий Головкиннің беделі артты."Ал әлемде Папа Франциск Рим-католик шіркеуінің басшысы болып сайланды. Сноуденнің АҚШ-тың құпия құжаттарын жариялауы әлемдік қауымдастықта үлкен шу тудырды. Ал Сирияда азаматтық соғыс асқынып, халықаралық деңгейде алаңдаушылық туғызды", - дейді ол.Жылан жылы – өзгерістер жылыЖылан жылдары көбінесе әлемде де, Қазақстанда да үлкен өзгерістер кезеңі болған."Әлеуметтік және саяси реформалар болды. Экономикалық ауыс-түйістер байқалады. Технологиялық жетістіктер мен мәдени төңкерістер жиі болады. Жылан жылы қазақ үшін де, жалпы әлем үшін де маңызды оқиғалар кезеңі болып отыр. Бұл жыл өткен уақытқа ой жіберіп, жаңа бастамалар үшін дайындалу кезеңі саналады. 2025 жылы осындай күрделі әрі қызықты кезең қайта келуі мүмкін", - дейді Болат Бопай.
https://sputnik.kz/20241016/2025-zhyly-ramazan-ayy-qashan-bastalady-47866559.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0c/49246285_116:0:2556:1830_1920x0_80_0_0_294ad3dfac3d16bb970394fd111260ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылан
"Маңызды өзгерістер кезеңі": жылан жылы тарихта қандай болған
Маманның айтуынша, жылан жылы қазақ үшін де, жалпы әлем үшін де маңызды оқиғалар кезеңі болды
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақтың дәстүрлі мүшелдік жыл санауында Жылан жылы ерекше мағынаға ие болған. Жылан жылы, әдетте, күрделі, маңызды өзгерістер мен шешімдер жылы деп сипатталады.
Қазақ үйге кірген жыланды өлтірмеген, басына ақ құйып шығарған. Бұл ықылым заманнан қалған ырым. "Ақты жерге төкпе" деп ырымдайтын қазақтың сол ақты жерге төгетін де кездері болған. Үйге кірген жыланның басына ақ құйса жылан да айбарынан қайтады дейді. Бұл сондай-ақ есіктен кірген дұшпанды да қазақ ренжітпеген деген пікірді білдірсе керек.
2025 жылан жылы кіреді. Қазақстандық этнограф Болат Бопай жылан жылы болған оқиғалар мен алдағы жылы қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты.
"1977 жылы Қазақстанда Кеңес Одағы кезеңінде индустрияландырудың қарқыны жалғасып, көптеген зауыт пен фабрика салынды. Қазақ әдебиетінде, өнерінде ұлттық дәстүрлер қайта жаңғыра бастады. Ал әлемде Apple компаниясы өз жұмысын бастады, бұл технологиялық революцияның негізін қалады. Star Wars фильмі алғаш рет шықты және әлемдік мәдениетте үлкен құбылыс болды", - дейді Болат Бопай.
Дәл осы жылы КСРО мен АҚШ арасында қырғи-қабақ соғыс жалғасып, ғарыш саласында бәсекелестік артқан.
1989 жыл – Қара жылан жылы
"1989 жыл қара Жылан жылы болды. Қазақстанда Желтоқсан оқиғаларынан кейін ұлттық сананың өсуі жалғасты. Семей полигонының жабылуы туралы бастамалар көтерілді. Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы алғашқы қозғалыстар пайда болды", - дейді этнограф.
Бұл жылы әлемде де елеулі өзгерістер болған. Берлиннің қабырғасы құлады, бұл оқиға Германияның біртұтас елге айналуына себеп болды. Кеңес Одағының ыдырау кезеңі басталып, экономикалық дағдарыс болды. Әлемде демократиялық қозғалыстар күшейіп, социализмнен нарықтық экономикаға өту байқалды.
Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл
2001 жылы Ақ жылан жылы енді. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы теңгесі қайта жаңартылды, бұл елдің экономикалық символикасын нығайтты.
"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Елімізде IT және технологиялық секторлар даму жолына түсті", - дейді Болат Бопай.
2001 жылы әлемді дүр сілкінткен оқиғалардың бірі - 11 қыркүйекте болған АҚШ-тағы теракт. Бұл әлем тарихындағы ең үлкен терактілердің бірі болды, нәтижесінде халықаралық қауіпсіздік мәселелері күшейді.
Дәл осы жылы Ауғанстанда соғыс басталды, бұл Орталық Азия елдеріне саяси ықпалын тигізді.
Этнографтың айтуынша, 2013 жылы Қазақстанда маңызды оқиғалар болды.
"Бұл жылы ел экономикасы мұнай мен табиғи ресурстардан түскен табыстың арқасында тұрақты дамыды. Алматыда метроның жаңа станциялары ашылып, көлік инфрақұрылымы дамыды. Әлеуметтік реформалар қолға алынып, білім мен денсаулық салаларына басымдық берілді", - дейді Болат Бопай.
Бұл жылы спортта қазақстандық боксшылар әлемдік аренада танылып, байрақты бәсекеде Қазақстанның туын талай биікке көтерген. Соның бірі - Геннадий Головкиннің беделі артты.
"Ал әлемде Папа Франциск Рим-католик шіркеуінің басшысы болып сайланды. Сноуденнің АҚШ-тың құпия құжаттарын жариялауы әлемдік қауымдастықта үлкен шу тудырды. Ал Сирияда азаматтық соғыс асқынып, халықаралық деңгейде алаңдаушылық туғызды", - дейді ол.
Жылан жылы – өзгерістер жылы
Жылан жылдары көбінесе әлемде де, Қазақстанда да үлкен өзгерістер кезеңі болған.
"Әлеуметтік және саяси реформалар болды. Экономикалық ауыс-түйістер байқалады. Технологиялық жетістіктер мен мәдени төңкерістер жиі болады. Жылан жылы қазақ үшін де, жалпы әлем үшін де маңызды оқиғалар кезеңі болып отыр. Бұл жыл өткен уақытқа ой жіберіп, жаңа бастамалар үшін дайындалу кезеңі саналады. 2025 жылы осындай күрделі әрі қызықты кезең қайта келуі мүмкін", - дейді Болат Бопай.