"Астана - Петропавл" тас жолында соқтығысқан көлік саны 100-ге жуықтады

© скриншот видео из социальных сетейАстана - Петропавл автожолында 100-ге жуық көлік соқтығысты
Астана - Петропавл автожолында 100-ге жуық көлік соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2025
Жазылу
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен "ҚазАвтоЖол" мамандары жұмыс істеп жатыр
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. "Астана - Петропавл" автожолында қолайсыз ауа райы салдарынан 95 көлік соқтығысты, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
3 қаңтарда сағат 07:20-да "Астана-Петропавл" республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (18-232 км) ауа райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Ауа райы жақсарып, жол сағат 12:30-да тазаланғаннан кейін Щучинск қаласына қарай қозғалыс "ҚазАвтоЖол" мен полиция департаменті қызметкерлерінің сүйемелдеуімен ұйымдастырылды.
"Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілердің жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамауына байланысты тас жолдың 153-ші шақырымында сағат 13:28-де Жаңаталап ауылының ауданында шамамен 95 автомобиль жаппай соқтығысты", - дейді ведомстводағылар.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен "ҚазАвтоЖол" мамандары жұмыс істеп жатыр. Бір жолақ тазартылды, жүруге жарамды көліктер қозғала бастады. Қазір оқиға орнында 22 жол көлігі мен трактор жұмылдырылды.
Айта кетейік, бүгін сағат 13:30-дағы ақпарат бойынша оқиға болған жерде 40-қа жуық көлік соқтығысқан болатын.
Астанада жауған қар - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2025
Қарағанды облысында 800 көлік қар құрсауында қалды
Жаңалықтар
0