https://sputnik.kz/20250102/zhana-zhylda-meditsinalyq-saqtandaru-zharnasynyn-kolemi-ozgere-me-49714819.html
Жаңа жылда медициналық сақтандару жарнасының көлемі өзгере ме
Жаңа жылда медициналық сақтандару жарнасының көлемі өзгере ме
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Медициналық сақтандыру қоры жаңа жылда ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі... 02.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-02T15:40+0500
2025-01-02T15:40+0500
2025-01-02T15:40+0500
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
https://sputnik.kz/img/1281/11/12811112_25:0:3666:2048_1920x0_80_0_0_56f8d78d7e3b06a879bc4729296da8a6.jpg
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Медициналық сақтандыру қоры жаңа жылда ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қордың ресми сайтына сілтеме жасап.Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарна есептеу кезінде ең төменгі жалақыны негізге алатынын еске салды.Жаңа жылда тек біржолғы төлем мөлшері өзгереді. Оның мөлшері 21,5%-дан 23,8%-ға дейін өседі. Сондай-ақ жеңілдетілген категорияға керетін азаматтар үшін мемлекет тарапынан төленетін жарналар мөлшері өзгереді. Бұдан былай орташа айлық жалақының 1,9 проценті емес, 2 проценті аударылады. Ол үшін өткен екі жылдағы орташа айлықтың мөлшері есепке алынады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа айлық жалақысы 364 295 теңге болған.МӘМС жарналарын "Қазпошта" АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылы төлеуге болады.Еске салайық, МӘМС жүйесіндегі мәртебені мына сілтеме арқылы тексеруге болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/11/12811112_480:0:3211:2048_1920x0_80_0_0_b0075e91fa10cd08ce4e401978e2b949.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Жаңа жылда медициналық сақтандару жарнасының көлемі өзгере ме
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Медициналық сақтандыру қоры жаңа жылда ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қордың ресми
сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарна есептеу кезінде ең төменгі жалақыны негізге алатынын еске салды.
"2025 жылы оның мөлшері сол күйінде қалады – 85 000 теңге. Демек жарна мөлшері де өзгермейді. Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады – сәйкесінше 3% және 2%", - дейді қор мамандары.
Жаңа жылда тек біржолғы төлем мөлшері өзгереді. Оның мөлшері 21,5%-дан 23,8%-ға дейін өседі. Сондай-ақ жеңілдетілген категорияға керетін азаматтар үшін мемлекет тарапынан төленетін жарналар мөлшері өзгереді. Бұдан былай орташа айлық жалақының 1,9 проценті емес, 2 проценті аударылады. Ол үшін өткен екі жылдағы орташа айлықтың мөлшері есепке алынады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа айлық жалақысы 364 295 теңге болған.
2025 МӘМС төлемдерінің мөлшері:
Жұмыс берушілердің жарналары – қызметкердің табысынан 3%;
Жұмысшылардың жарналары – табыстың 2%-ы;
Біржолғы төлем төлеушілер – жалақы қорынан 23,8%;
Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы;
Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге (АЕК-тің 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы, сәйкес қаржы жылының республикалық бюджет заңымен бекітілген);
Дербес төлеушілердің жарналары – 4 250 теңге (АЕК-тің 5%-ы);
Мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар – 7 285,9 теңге.
МӘМС жарналарын "Қазпошта" АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылы төлеуге болады.
Еске салайық, МӘМС жүйесіндегі мәртебені
мына сілтеме арқылы тексеруге болады.