https://sputnik.kz/20250102/ukimettik-emes-uyymdardyn-qyzmeti-turaly-malimetterdi-usynu-merzimi-bastaldy-49714713.html
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі басталды
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі басталды
Sputnik Қазақстан
"ҮЕҰ дерекқорына" мәлімет ұсыну әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт 02.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-02T14:08+0500
2025-01-02T14:08+0500
2025-01-02T14:08+0500
үкіметтік емес ұйымдар
https://sputnik.kz/img/07e9/01/02/49713648_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_01e757ee6d959d1daf2cf817d048a2db.jpg
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, өткен 2024 жыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді "ҮЕҰ дерекқорына" ұсыну мерзімі басталғанын еске салды."Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңның 41-бабының 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылады."ҮЕҰ дерекқорына" мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт.Сіз өз ұйымыңыздың қызметі туралы мәліметтерді "ҮЕҰ дерекқорының" интернет-порталы арқылы жібере аласыз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/02/49713648_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_99d0e1f6b1825352273afdae3e3f71a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкіметтік емес ұйымдар
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі басталды
"ҮЕҰ дерекқорына" мәлімет ұсыну әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, өткен 2024 жыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді "ҮЕҰ дерекқорына" ұсыну мерзімі басталғанын еске салды.
"Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңның 41-бабының 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылады.
"ҮЕҰ дерекқорында" болу Қазақстандағы отандық және шетелдік ҮЕҰ қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтарға, түрлі ұйымдарға (донорларға) және мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдардың қызықты және табысты жобаларымен танысуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
"ҮЕҰ дерекқорына" мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт.
Сіз өз ұйымыңыздың қызметі туралы мәліметтерді "ҮЕҰ дерекқорының"
интернет-порталы арқылы жібере аласыз.