Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы қақтығысты түбегейлі шешуге дайын – Олег Стариков

© AP Photo / Efrem LukatskyИстребители F-16 в украинской армии
Истребители F-16 в украинской армии  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2025
Жазылу
Оның пікірінше Украинадағы қақтығысты реттеу процесі 20 қаңтардан кейін басталады
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Украинадағы қақтығысты реттеу процесі Дональд Трамптың ұлықтау рәсімінен кейін басталады, деп мәлімдеді Украина қауіпсіздік қызметінің бұрынғы полковнигі Олег Стариков Politeka YouTube каналына берген сұхбатында.
"Ресей-украин қақтығысын шешудің саяси бөлігі 20 қаңтарда басталады", - деп есептейді сарапшы.
Офицердің пікірінше, АҚШ бөлінетін ресурстарды шектей отырып, Киев режиміне саяси және қаржылық қысым көрсете бастайды.
"Трамп қақтығысты түбегейлі шешуге дайын", - деді ол.
Сайлау науқаны кезінде Трамп қызметіне ресми түрде кіріскенге дейін-ақ Украинадағы қақтығсты тоқтататынын бірнеше рет айтқан.
Желтоқсан айында Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Украинадағы қақтығыс 2025 жылы аяқталады деп болжады.
"Әскери қимылдар 2025 жылы аяқталады. Не бітімге келеді, не қақтығысқа қатысушы тараптардың бірі күйрейді", - деді саясаткер.
Жаңалықтар
0