https://sputnik.kz/20250102/qostanayda-zhedel-zhardem-sabidi-olim-auzynan-alyp-qaldy-49716683.html
Қостанайда жедел жәрдем сәбиді өлім аузынан алып қалды
Қостанайда жедел жәрдем сәбиді өлім аузынан алып қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қостанай қаласында жедел жәрдемнің мамандары бір айға да толмаған нәрестені өлім аузынан алып қалды, деп хабарлайды Sputnik... 02.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-02T20:00+0500
2025-01-02T20:00+0500
2025-01-02T20:00+0500
қостанай
жедел жәрдем
https://sputnik.kz/img/07e5/09/15/18189596_96:0:2304:1242_1920x0_80_0_0_03896b9fb1b1ec218c59a0125db7bc93.jpg
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қостанай қаласында жедел жәрдемнің мамандары бір айға да толмаған нәрестені өлім аузынан алып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Нәрестенің жағдайы тамақ ішкеннен кейін күрт нашарлап кеткен. Денесі көгеріп, тыныс алуы тоқтап қалған. Ата-анасы дереу 103-ке қоңырау шалған.Диспетчер Айшат Абзалбекова бірден жақын жерде жүрген жедел жәрдем бригадасына хабар беріп, өзі сәбидің ата-анасына телефон арқылы кеңес беруге кірісті. Әкесі жедел жәрдем келгенше сәбиді ауыр жағдайдан шығаруға күш салып, барлық іс-шараны сауатты атқарып шықты.Үйге жедел жәрдем дәрігері Сұлтан Жүсіпов пен фельдшер Александр Калетин келген. Олар нәрестені бірден ауруханаға алып кетті. Жолда сәбидің жүрегі және тыныс алу белсенділігі тоқтап қалған. Нәресте клиникалық өлімге түсті.Дәрігерлердің біліктілігі арқасында сәбидің жүрегі қайта соға бастады. Ал облыстық балалар ауруханасында оны жан сақтау бөліміне жатқызды.Қазіргі кезде сәбидің жағдайы жақсы, стационарда ем қабылдап жатыр.
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/15/18189596_372:0:2028:1242_1920x0_80_0_0_eb4d236dd3b9353a7785a77324e5a792.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай, жедел жәрдем
Қостанайда жедел жәрдем сәбиді өлім аузынан алып қалды
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қостанай қаласында жедел жәрдемнің мамандары бір айға да толмаған нәрестені өлім аузынан алып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігіне
сілтеме жасап.
Нәрестенің жағдайы тамақ ішкеннен кейін күрт нашарлап кеткен. Денесі көгеріп, тыныс алуы тоқтап қалған. Ата-анасы дереу 103-ке қоңырау шалған.
Диспетчер Айшат Абзалбекова бірден жақын жерде жүрген жедел жәрдем бригадасына хабар беріп, өзі сәбидің ата-анасына телефон арқылы кеңес беруге кірісті. Әкесі жедел жәрдем келгенше сәбиді ауыр жағдайдан шығаруға күш салып, барлық іс-шараны сауатты атқарып шықты.
Үйге жедел жәрдем дәрігері Сұлтан Жүсіпов пен фельдшер Александр Калетин келген. Олар нәрестені бірден ауруханаға алып кетті. Жолда сәбидің жүрегі және тыныс алу белсенділігі тоқтап қалған. Нәресте клиникалық өлімге түсті.
"Сұлтан Жүсіпов пен фельдшер Александр Калетин бірден реанимация жасауға кірісті. 24 күндік нәрестеге трахеяны сәтті интубациялау жүргізіп, жасанды тыныс алдыру режиміне ауыстырды және PALS халықаралық стандарты бойынша одан әрі реанимация жасады",- дейді министрлік мамандары.
Дәрігерлердің біліктілігі арқасында сәбидің жүрегі қайта соға бастады. Ал облыстық балалар ауруханасында оны жан сақтау бөліміне жатқызды.
Қазіргі кезде сәбидің жағдайы жақсы, стационарда ем қабылдап жатыр.