Кейінгі 4 жылда алғаш рет өңдеуші өнеркәсіптің өсімі 105,3% болды

© Сайт Национальной палаты предпринимателей РК "Атамекен"Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2025
Жазылу
Түсті металлургия 104,8% деңгейінде өсім көрсетті
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда кейінгі 4 жылда алғаш рет өңдеуші өнеркәсіптің өсімі 105,3% болды, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Металлургия саласы 2016 жылдан бері алғаш рет 7,2% өсім көрсетті. Отандық өндірушілерді қолдау бойынша қабылданған шаралар қара металлургияның көрсеткішіне оң әсер етті, онда өсім 10,8%-ды құрады. Түсті металлургия 104,8% деңгейінде өсім көрсетті.
Машина жасау саласы 6,9% өсім көрсетті. Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 8,4%-ға артты. Осы жылы бірқатар ірі жоба іске қосылды.
Эскалатор  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2024
Қазақстанда өнеркәсіп нысандарына қарағанда сауда үйлері екі есе көп салынады
Жаңалықтар
0