Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Германияның социал-демократтары Путин мен Шольцты диалогқа үндеді

© http://kremlin.ruВладимир Путин на заседании ВЕЭС в Ленинградской области
Владимир Путин на заседании ВЕЭС в Ленинградской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Германияның социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Саския Эксен Ресей президенті Владимир Путин пен ГФР канцлері Олаф Шольц телефон арқылы сөйлесуді жалғастыру қажеттігін мәлімдеді.
Бұған дейін Шольц пен Путин 15 қарашада телефон арқылы сөйлескен болатын. Олар 2022 жылдан бері алғаш рет тілдесті.
"Адам өлімін тоқтату үшін не істеуге болатынын анықтау мақсатанда осы әңгімені қайта-қайта жүргізу керек", - деді Эскен DPA агенттігіне берген сұхбатында.
Оның ойынша, Ресей президенті мен Германия канцлерінің жеке кездескені орынсыз.
"Әзірше, қарым-қатынасмыз сол күйінде қалып отыр. Сондықтан телефон арқылы сөйлескен де жеткілікті", - деп атап көрсетті партияның тең төрағасы.
Осы орайда Эскен Украинадағы қақтығысты реттеу кезінде Шольцтың делдалдық жасау мүмкіндігіне қатысты өз ойын да айтты.
"Меніңше, ондай жағдайларда делдал қызметін мемлекет басшылары, канцлерлер немесе президенттер емес, екінші санаттағы тұлғалар атқарады", - дейді ол.
Алайда "Шольц ондай келіссөздерді ұйымдастыруға өз үлесін қоса алатын еді".
Айта кетері, бұған дейін Германия канцлері T-Online порталына берген сұхбатында Путинмен тағы бір рет телефон арқылы тілдесуге дайын екенін мәлімдеді. Ал РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ондай жоспар жоқ екенін айтқан.
Жаңалықтар
0