https://sputnik.kz/20250102/azhyrasu-kop-bolady-numerolog-2025-zhylga-bolzham-zhasady-49476987.html
"Ажырасу көп болады": Нумеролог 2025 жылға болжам жасады
"Ажырасу көп болады": Нумеролог 2025 жылға болжам жасады
Sputnik Қазақстан
2025 жыл үлкен мүмкіндік жылы, ал кейбір адам үшін күйреу жылы болады, дейді маман 02.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-02T12:35+0500
2025-01-02T12:35+0500
2025-01-02T12:35+0500
2025 жыл
жылан жылы
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41164009_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_c90a8cbaaafafbf5ab09fbf63339c6f7.jpg
АЛМАТЫ, 2 қаңтар – Sputnik. 2025 жылы әлемде ауқымды өзгерістер болады. Бұл жыл тұрақтылықты ұнатататын, әр қадамын анық басатын адамдар үшін де сынаққа толы болуы мүмкін. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне нумеролог Мадия Сейітқызы айтты.2025 жыл – трансформация жылыНумерология бойынша 2025 жыл 9 санымен, яғни Марспен белгіленген."Бұл жыл бұған дейін басталған барлық істің аяқталатын жылы, яғни көкейде жүрген тірлікті жүзеге асырып, ойда жүрген арман-мақсаттарды іске асыру керек. Марс – вулканды өте белсенді. Бұл жылы үлкен өзгерістер болуы мүмкін. 2024 жылды біз адамның тағдырына елеулі өзгеріс енгізген жыл болады деп болжадық. Ал 2025 жыл - трансформация жылы. Бұған дейін мезі еткен кейбір қарым-қатынас, шешілмеген мәселе барлығы 2025 жылы шешілуі мүмкін", - дейді нумеролог Мадия Сейітқызы.Отбасылардың төзілімділігін сынайтын жылНумерологтың айтуынша, 2025 жылы отбасында ажырасулар көп болуы мүмкін.2025 жылы жасырын ақпараттың барлығы сыртқа шығып, жабу астында жатқан талай дүние жария болады. Көкейде жүрген, бірақ бітпей жүрген ескі тірлік, адамды мезі ететін кейбір қарым-қатынас тоқтауы мүмкін."Бізге еш пайдасы жоқ, керісінше кедергі болатын тірлік пен қарым-қатынас тоқтайды. Ең маңыздысы бұл жылы әрбір адам өзінің эмоциясын, әрекетін барынша бақылау керек. Сондай-ақ бұл жылы барынша шыдамды болу керек. 9 саны - энергия жылы. Бұл энергиядан тіпті адамның өзі күйіп кетуі мүмкін. Өйткені орынсыз эмоцияңыз жан-жағыңызды алапат күшпен төңкеріп, өзіңізге зиянын тигізуі мүмкін", - дейді нумеролог.2025 жыл тәртіп пен төзімді талап етеді2025 жыл адамнан өте тәртіптілікті, мұқият болуды, сақ болуды талап етеді. Өз күшімізді көздеген мақсатқа ғана жұмсау керек. Бұл жыл өткенмен қоштасып, жаңашылдыққа ұмтылатын уақыт."Өмірімізге кетергі келтіретін ескі ой, ескі тірлікпен қош айтысу керек. Өмірге жаңаша маңыз кіргізіп, адам өзімен барынша жұмыс істеу керек. Жаңа мақсатқа стратегиялық тұрғыдан бет бұру керек. Өйткені 2025 жыл жаңа арман-мақсатты жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік береді", - дейді Сейітқызы.Табиғи апаттар көп болуы мүмкінБұл жылы адамдар бір-біріне, әсіресе өзімен шынайы болуы керек. Өзін алдамау керек, дейді нумеролог. Өйткені шынайылық келесі жылы олжаға батыруы мүмкін. Сондай-ақ бұл жылы табиғи апаттар көп болуы ықтимал, дейді Мадия Сейітқызы."Сонымен қатар дәл осы жылы жаңа технологиялар жаңа деңгейге шығады, барынша дами түседі. Негізі келесі жылы кез келген өзгеріске дайын болуымыз керек. Өйткені 2025 жыл, тағы қайталап айтамын, өте үлкен трансформация жылы", - дейді нумеролог.Десе де, бұл жылдан қорқудың қажеті жоқ, керісінше жаңа бір кезеңге нық сеніммен қадам басуға дайын болу керек."Бұл жылы ақпараттың құндылығы артады. Жаңа деңгейге көтеріледі. Көптеген жасырын фактілер жарыққа шығады. Жылан жылы адамның ішкі күші өте көп болу керек. 2025 жыл 2024 жылғы іс-әрекеттерімізге қорытынды жасайтын жыл. Моральдық, психологиялық, физикалық тұрғыдан өзімізді дамытуымыз керек", - дейді Сейітқызы.Нумерологтың айтуынша, 2025 жылы отбасылық қана емес, мемлекеттік деңгейде көптеген өзгерістер, тіпті төңкерістер болуы мүмкін. Өйткені бұл жылы әлем ауыспалы кезеңге аяқ басады."Тұрақтылықты өте жақсы көретін адамдар үшін де 2025 жыл оңайға соқпайды. Әр ісімізге сараптама жасап, барынша төзімді болуға, қандай да бір нәтижені барынша асықпай күтуге мәжбүр ететін жыл. Бұл жыл жақсы өмір сүру үшін ауыспалы кезең. Негізі 2025 жыл үлкен мүмкіндік жылы, ал кейбір жан үшін күйреу жылы. Тәжірибе, медитация, рухани даму үшін өте маңызды жыл. Өмірін жақсы жаққа өзгертем деушілерге келесі жылы мүмкіндік көп", - дейді нумеролог.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41164009_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_5cc629af97ead069d9136844264d7d9e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
2025 жыл, жылан жылы
"Ажырасу көп болады": Нумеролог 2025 жылға болжам жасады
2025 жыл үлкен мүмкіндік жылы, ал кейбір адам үшін күйреу жылы болады, дейді маман
АЛМАТЫ, 2 қаңтар – Sputnik. 2025 жылы әлемде ауқымды өзгерістер болады. Бұл жыл тұрақтылықты ұнатататын, әр қадамын анық басатын адамдар үшін де сынаққа толы болуы мүмкін. Бұл туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне нумеролог Мадия Сейітқызы айтты.
2025 жыл – трансформация жылы
Нумерология бойынша 2025 жыл 9 санымен, яғни Марспен белгіленген.
"Бұл жыл бұған дейін басталған барлық істің аяқталатын жылы, яғни көкейде жүрген тірлікті жүзеге асырып, ойда жүрген арман-мақсаттарды іске асыру керек. Марс – вулканды өте белсенді. Бұл жылы үлкен өзгерістер болуы мүмкін. 2024 жылды біз адамның тағдырына елеулі өзгеріс енгізген жыл болады деп болжадық. Ал 2025 жыл - трансформация жылы. Бұған дейін мезі еткен кейбір қарым-қатынас, шешілмеген мәселе барлығы 2025 жылы шешілуі мүмкін", - дейді нумеролог Мадия Сейітқызы.
Отбасылардың төзілімділігін сынайтын жыл
Нумерологтың айтуынша, 2025 жылы отбасында ажырасулар көп болуы мүмкін.
"Әсіресе отбасылық қарым-қатынас барынша тығырыққа тіреліп, бірақ сонда да отбасын сақтап қалуға тырысқан кейбір ерлі-зайыптылар екі жаққа кетеді. Мұндай отбасыларға келесі жылы қиын соқпау үшін өзара қарым-қатынасты қазірден нығайту керек. Өйткені 2025 жыл сынақ жылы, отбасылардың төзімділігі мен құндылығын сынайтын жыл", - дейді Мадия Сейтіқызы.
2025 жылы жасырын ақпараттың барлығы сыртқа шығып, жабу астында жатқан талай дүние жария болады. Көкейде жүрген, бірақ бітпей жүрген ескі тірлік, адамды мезі ететін кейбір қарым-қатынас тоқтауы мүмкін.
"Бізге еш пайдасы жоқ, керісінше кедергі болатын тірлік пен қарым-қатынас тоқтайды. Ең маңыздысы бұл жылы әрбір адам өзінің эмоциясын, әрекетін барынша бақылау керек. Сондай-ақ бұл жылы барынша шыдамды болу керек. 9 саны - энергия жылы. Бұл энергиядан тіпті адамның өзі күйіп кетуі мүмкін. Өйткені орынсыз эмоцияңыз жан-жағыңызды алапат күшпен төңкеріп, өзіңізге зиянын тигізуі мүмкін", - дейді нумеролог.
2025 жыл тәртіп пен төзімді талап етеді
2025 жыл адамнан өте тәртіптілікті, мұқият болуды, сақ болуды талап етеді. Өз күшімізді көздеген мақсатқа ғана жұмсау керек. Бұл жыл өткенмен қоштасып, жаңашылдыққа ұмтылатын уақыт.
"Өмірімізге кетергі келтіретін ескі ой, ескі тірлікпен қош айтысу керек. Өмірге жаңаша маңыз кіргізіп, адам өзімен барынша жұмыс істеу керек. Жаңа мақсатқа стратегиялық тұрғыдан бет бұру керек. Өйткені 2025 жыл жаңа арман-мақсатты жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік береді", - дейді Сейітқызы.
Табиғи апаттар көп болуы мүмкін
Бұл жылы адамдар бір-біріне, әсіресе өзімен шынайы болуы керек. Өзін алдамау керек, дейді нумеролог. Өйткені шынайылық келесі жылы олжаға батыруы мүмкін. Сондай-ақ бұл жылы табиғи апаттар көп болуы ықтимал, дейді Мадия Сейітқызы.
"Сонымен қатар дәл осы жылы жаңа технологиялар жаңа деңгейге шығады, барынша дами түседі. Негізі келесі жылы кез келген өзгеріске дайын болуымыз керек. Өйткені 2025 жыл, тағы қайталап айтамын, өте үлкен трансформация жылы", - дейді нумеролог.
Десе де, бұл жылдан қорқудың қажеті жоқ, керісінше жаңа бір кезеңге нық сеніммен қадам басуға дайын болу керек.
"Бұл жылы ақпараттың құндылығы артады. Жаңа деңгейге көтеріледі. Көптеген жасырын фактілер жарыққа шығады. Жылан жылы адамның ішкі күші өте көп болу керек. 2025 жыл 2024 жылғы іс-әрекеттерімізге қорытынды жасайтын жыл. Моральдық, психологиялық, физикалық тұрғыдан өзімізді дамытуымыз керек", - дейді Сейітқызы.
Нумерологтың айтуынша, 2025 жылы отбасылық қана емес, мемлекеттік деңгейде көптеген өзгерістер, тіпті төңкерістер болуы мүмкін. Өйткені бұл жылы әлем ауыспалы кезеңге аяқ басады.
"Тұрақтылықты өте жақсы көретін адамдар үшін де 2025 жыл оңайға соқпайды. Әр ісімізге сараптама жасап, барынша төзімді болуға, қандай да бір нәтижені барынша асықпай күтуге мәжбүр ететін жыл. Бұл жыл жақсы өмір сүру үшін ауыспалы кезең. Негізі 2025 жыл үлкен мүмкіндік жылы, ал кейбір жан үшін күйреу жылы. Тәжірибе, медитация, рухани даму үшін өте маңызды жыл. Өмірін жақсы жаққа өзгертем деушілерге келесі жылы мүмкіндік көп", - дейді нумеролог.