Алматыда екі жігіттен 190 sim-карта мен sim-box құрылғылары тәркіленді

© Photo : Polisia.kzАлматыда екі жігіттен 190 sim-карта мен sim-box құрылғылары тәркіленді
Алматыда екі жігіттен 190 sim-карта мен sim-box құрылғылары тәркіленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2025
Жазылу
Ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Жаңа жыл қарсаңында Алматы ПД полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде sim-box құрылғысының үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен 25 жастағы екі жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел уәкілдер пәтерді тінту кезінде әрқайсысы 32 слоттық төрт sim-box құрылғысын және қазақстандық ұялы байланыс операторларының 190 sim-картасын, бірнеше телефон мен ноутбуктарды тәркіледі.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.
Айта кетері, интернет-алаяқтар түрлі мессенджерлер арқылы қазақстандықтарға қоңырау шалу үшін sim-box құрылғыларын пайдаланады. Адамдарды алдау үшін қылмыскерлердің белгілі бір елде болуы міндетті емес. Sim-box құрылғыларының болуы жеткілікті. Олар жергілікті ұялы байланыс операторларының интернет-трафигін қолдана отырып, жалған нөмірлер арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Клавиатура - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2024
Екі жылда интернет-алаяқтық істерінің саны 270%-ға өсті – Жоғарғы сот
Жаңалықтар
0