https://sputnik.kz/20250101/turkistan-oblysynda-sogys-ardageri-100-zhasqa-toldy-49708488.html
Түркістан облысында соғыс ардагері 100 жасқа толды
Түркістан облысында соғыс ардагері 100 жасқа толды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Зәкір Мұсаев 100 жасқа толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігіне сілтеме... 01.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-01T19:12+0500
2025-01-01T19:12+0500
2025-01-01T19:12+0500
түркістан облысы
ардагер
https://sputnik.kz/img/07e9/01/01/49701299_4:0:1277:716_1920x0_80_0_0_c06931831034c2b342507ad6c28e3148.jpg
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Зәкір Мұсаев 100 жасқа толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.Майдангерді жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері, Amanat партиясы облыстық филиалының өкілдері, Қарулы күштердің, Ауған және басқа да жергілікті соғыстардың ардагерлері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері құттықтады. Ардагерге қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар да табысталды.Зәкір Мұсаев 1925 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылды. Әпкесі Ангир екеуін анасы жалғыз тәрбиелеп өсірді.Ал 1943 жылы Зәкір Мұсаев 18 жасында әскер қатарына шақырылды. Петропавлда 44-ші полкте қызмет етіп, сол жылдың қыркүйегінде өз еркімен майданға аттанды. Соғыс екі рет жарақат алды. Ардагердің майдандағы еңбегі бағаланып, Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және 13 жауынгерлік медальмен марапатталған болатын.Соғыстан кейін Зәкір Мұсаев 1950 жылға дейін Дрездендегі НКВД ғимаратында күзет бөлімінде қызмет етті. Ал туған жеріне оралған соң, алдымен Калинин атындағы колхозда, артынан партияның XXIII съезі атындағы кеңшардың Иқан мақта станциясында есепші болып жұмыс істеді.Зәкір Мұсаев 1985 жылы зейнетке шықты. Ол жұбайымен бірге төрт қыз, бір ұлын тәрбиелеп өсірді.Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан 10 ардагер қалды.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/01/49701299_163:0:1118:716_1920x0_80_0_0_d8b1fc35328ec77553e27f4994e2001c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, ардагер
түркістан облысы, ардагер
Түркістан облысында соғыс ардагері 100 жасқа толды
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Зәкір Мұсаев 100 жасқа толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс
министрлігіне сілтеме жасап.
Майдангерді жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері, Amanat партиясы облыстық филиалының өкілдері, Қарулы күштердің, Ауған және басқа да жергілікті соғыстардың ардагерлері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері құттықтады. Ардагерге қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар да табысталды.
Зәкір Мұсаев 1925 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылды. Әпкесі Ангир екеуін анасы жалғыз тәрбиелеп өсірді.
Ал 1943 жылы Зәкір Мұсаев 18 жасында әскер қатарына шақырылды. Петропавлда 44-ші полкте қызмет етіп, сол жылдың қыркүйегінде өз еркімен майданға аттанды. Соғыс екі рет жарақат алды. Ардагердің майдандағы еңбегі бағаланып, Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және 13 жауынгерлік медальмен марапатталған болатын.
Соғыстан кейін Зәкір Мұсаев 1950 жылға дейін Дрездендегі НКВД ғимаратында күзет бөлімінде қызмет етті. Ал туған жеріне оралған соң, алдымен Калинин атындағы колхозда, артынан партияның XXIII съезі атындағы кеңшардың Иқан мақта станциясында есепші болып жұмыс істеді.
Зәкір Мұсаев 1985 жылы зейнетке шықты. Ол жұбайымен бірге төрт қыз, бір ұлын тәрбиелеп өсірді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан 10 ардагер қалды.