https://sputnik.kz/20250101/eaeo-turaly-shartqa-10-zhyl-toldy-49708648.html
ЕАЭО туралы шартқа 10 жыл толды
ЕАЭО туралы шартқа 10 жыл толды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 10 жыл толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 01.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-01T20:50+0500
2025-01-01T20:50+0500
2025-01-01T20:50+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163036_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_b8692e439ff92afbdee7d387d40da5b8.jpg
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 10 жыл толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.ЕАЭО туралы шарт 2014 жылы 29 мамырда рәсімделген болатын. Ал 2015 жылы 1 қаңтарда күшіне енді.Бүгінде ЕАЭО-ға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения мен Беларусь кіреді. Осы уақытқа дейін одаққа мүше елдер арасында өзара сауда-саттық ұлғайды. Халыақаралық қатынастардың географиясы да кеңейіп келеді.Ресми мәліметке сәйкес, 2015-2023 жылдары ЕАЭО-ның ішкі жалпы өнімі 2,5 трлн долларға өсті. Ал одаққа кірмейтін елдермен сауда айналымы 923 млрд доллар құрады.Қазіргі кезде ЕАЭО-да кеден, өнеркәсіп коперациясы, көлік пен логистика, энергетика, кедендік тарифтер, ауыл шаруашылығы, техникалық реттеу және тағы басқа салаларда өзара тығыз ынтымақтастық күшейіп жатыр.10 жылдың ішінде одақтың халықаралық мәртебесі өсе түсті. Онымен тікелей байланыс орнатқан елдер де аз емес. Бүгінде Вьетнам, Иран мен Сербиямен еркі сауда туралы келісім бар. Қытаймен және 80-нен астам мемлекет пен ұйыммен сауда-экономикалық ынтымақтастық орнатылды.Бұдан бөлек, Мысыр, Индонезия мен Біріккен Араб Әмірліктерімен өзара сауданы жеңілдету бойынша келісімдер пысықталып жатыр. Одақ байқаушылары – Куба мен Өзбекстанмен өзара байланыстың маңызы зор.
https://sputnik.kz/20241230/eaeo-elektrondy-kommertsiyaga-zhana-kedendik-retteudi-engizip-zhatyr-49670846.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163036_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_e1e3fe0556189cefc45e45be235d84b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 10 жыл толды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
ЕАЭО туралы шарт 2014 жылы 29 мамырда рәсімделген болатын. Ал 2015 жылы 1 қаңтарда күшіне енді.
Бүгінде ЕАЭО-ға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения мен Беларусь кіреді. Осы уақытқа дейін одаққа мүше елдер арасында өзара сауда-саттық ұлғайды. Халыақаралық қатынастардың географиясы да кеңейіп келеді.
Ресми мәліметке сәйкес, 2015-2023 жылдары ЕАЭО-ның ішкі жалпы өнімі 2,5 трлн долларға өсті. Ал одаққа кірмейтін елдермен сауда айналымы 923 млрд доллар құрады.
Қазіргі кезде ЕАЭО-да кеден, өнеркәсіп коперациясы, көлік пен логистика, энергетика, кедендік тарифтер, ауыл шаруашылығы, техникалық реттеу және тағы басқа салаларда өзара тығыз ынтымақтастық күшейіп жатыр.
10 жылдың ішінде одақтың халықаралық мәртебесі өсе түсті. Онымен тікелей байланыс орнатқан елдер де аз емес. Бүгінде Вьетнам, Иран мен Сербиямен еркі сауда туралы келісім бар. Қытаймен және 80-нен астам мемлекет пен ұйыммен сауда-экономикалық ынтымақтастық орнатылды.
Бұдан бөлек, Мысыр, Индонезия мен Біріккен Араб Әмірліктерімен өзара сауданы жеңілдету бойынша келісімдер пысықталып жатыр. Одақ байқаушылары – Куба мен Өзбекстанмен өзара байланыстың маңызы зор.