https://sputnik.kz/20250101/2025-zhyly-khalyqtyn-zhagdayy-ne-bolady--ekonomister-bolzham-zhasady-49681694.html
2025 жылы халықтың жағдайы не болады – экономистер болжам жасады
2025 жылы халықтың жағдайы не болады – экономистер болжам жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. 2024 жылы Қазақстандағы экономикалық жағдайдың негізгі көрсеткіші – ішкі жалпы өнім 4,5 процентке өсті. Ал президент жылдың басында... 01.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-01T20:00+0500
2025-01-01T20:00+0500
2025-01-01T20:00+0500
2025 жыл
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948639_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_ac3f4cd6b1f88229ae8dc3923baf23fa.jpg
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. 2024 жылы Қазақстандағы экономикалық жағдайдың негізгі көрсеткіші – ішкі жалпы өнім 4,5 процентке өсті. Ал президент жылдың басында оны кем дегенде 6 процентке өсіруге тапсырма берген болатын. Осылайша жоспар орындалмады. Жылдың соңында ұлттық валюта да әлсіреді. Экономика министрі отставкаға кетті. 2025 жылы жағдай не болмақ? Sputnik Қазақстан тілшісі экономистерден сұрады.Байбазаровты отставкаға не үшін жібердіЭкономист Сапарбай Жұбаевтың айтуынша, 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің 4,5-5 процентке өсуі президенттің көңілінен шықпаған. Содан министрді отставкаға жіберуі мүмкін."Бірақ бұл мәселе Байбазаровтың кетуіне себеп болған негізгі фактор емес сияқты. Меніңше, бюджеттің салық түсімі орындалмады. 2024 жылы республикалық бюджеттің шығыны 22 трлн теңге болды, бірақ салықтардан 11,5 трлн теңге ғана түсті. Сосын прогрессивті салық, яғни бай-бағландарға салынатын салық әлі енгізілген жоқ. Ал президент оны 2019 жылы айтқан. Шенеуніктер бұл бастаманы да созып келеді", - деді Жұбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.Бұдан бөлек, бюджетке қарап отырған квазимемлекеттік компанияларды азайтпаса, қазынаның қаржысы азая береді, халықтың жағдайы да жақсармайды.Сарапшының айтуынша, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы әлсіреген сайын бюджетке теңгемен түсетін қаржының көлемі көбейеді. Ресей де соны біліп, бюджетін толтырып жатады."Келесі жылы қатты девальвация болмайды. Сол рубльдің айналасында жүре береміз", - дейді экономист.Теңге үшін тиімсіз шараларБұған дейін ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Трамптың ұлықтау рәсімін күту керектігін ашық айтқан болатын. Себебі АҚШ-тың жаңа президенті өз қызметіне кіріскеннен кейін теңге үшін тиімсіз бастамалар қабылдауы әбден мүмкін. R-Finance қаржы кеңесшісі Арман Байғановның айтуынша, ондай сыртқы факторларды міндетті түрде ескеру керек."Иә, Трамптың келуімен протексционистік шаралар қолға алынуы мүмкін. Мәселен, қазірдің өзінде Мексика мен Канада тауарларына баж салықтарын енгіземін деп отыр. Ондайда доллар басқа валюталарға шаққанда күшейе бастайды. Бірақ шикізат ресурстары мен қор нарықтары құлдырайды. Мұнайдың бағасы да төмендеуі мүмкін. Ол біздің экономикамызға кері әсерін тигізеді. Себебі бүгінде бюджетімізге қаржының басым бөлігі мұнай мен шикізат ресурстарынан түседі", - деді Байғанов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.Алайда мұнай бағасынан бұрын Қазақстанға қатты әсер ететін бір сыртқы фактор бар. Ол – Ресей мен Украинаның қақтығысы. Ресей рублінің әлсіреуі теңгеге де әсер етеді. Оны 2024 жылдың соңында анық байқадық."Сондықтан Ресей мен Украинаның қақтығысы тезірек шешілсе, экономикалық жағдай да жақсарады. Өйткені рубльдің девальвациясы теңгеге де әсер етіп отырады. Сосын тағы бір маңызды мәселені ұмытпау керек. 2024 жылы 11 айдың ішінде Қазақстанда Ресейдің импорты бірінші орынға шықты. Бұрын Қытай болса, қазір сөреде ресейлік тауарлар көп. Сондықтан қазіргі теңге-рубль бағамы да сәйкес емес", - деп атап көрсетті Байғанов.Сарапшының айтуынша, бүгінде сырттан алынған қарыздарға да біраз ақша кетіп жатыр. Сондықтан қазынаға түсетін қаражат өспесе, ішкі және сыртқы қарыздың салмағы арта түседі.Теңге тағы әлсірей меСоңғы екі жылда Қазақстанда алтын-валюта қоры өсті. Ал ұлттық қордың қаржысы қатты көбеймесе де, азайған жоқ. Экономист Арман Байғановтың ойынша, осы резервтер экономикадағы кері жағдайлардың әсерін төмендеуге көмектеседі."Жаңа жылда қандай да бір девальвациялық қауіп-қатерлер болса да, ұлттық банк ұлттық валюта бағамын ұстай алады. Ол үшін қажетті резервтер бар. Дегенмен, бір жылдың ішінде теңгенің бағамы 10-15 процентке тағы әлсіреуі мүмкін. Ұлттық валютамыз күшеймейді. Себебі Қазақстанда соңғы үш жылдың ішкі инфляция өте жоғары болды. Соның бәрі жиналып қалды", - дейді Байғанов.Сарапшының айтуынша, соңғы он жылдың ішінде теңге орташа есеппен жыл сайын 7 процентке әлсіреп отырды."Бұл үрдіс сақталып отыр, оны қалыпты жағдай деуге болады. Бірақ сыртқы қарызымыз бар, бюджеттің кіріс жағы орындалмай отыр. Ресей мен Украинаның қақтығысы, басқа да сыртқы факторларды ескерсек, бір жылдың ішінде ұлттық валютаның 10-15 процентке әлсіреу қаупі бар", - деп атап көрсетті экономист.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948639_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_37422d866cf338ff32b64abd33f68c14.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
2025 жыл
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. 2024 жылы Қазақстандағы экономикалық жағдайдың негізгі көрсеткіші – ішкі жалпы өнім 4,5 процентке өсті. Ал президент жылдың басында оны кем дегенде 6 процентке өсіруге тапсырма берген болатын. Осылайша жоспар орындалмады. Жылдың соңында ұлттық валюта да әлсіреді. Экономика министрі отставкаға кетті. 2025 жылы жағдай не болмақ?
Sputnik Қазақстан тілшісі экономистерден сұрады.
Байбазаровты отставкаға не үшін жіберді
Экономист Сапарбай Жұбаевтың айтуынша, 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің 4,5-5 процентке өсуі президенттің көңілінен шықпаған. Содан министрді отставкаға жіберуі мүмкін.
"Бірақ бұл мәселе Байбазаровтың кетуіне себеп болған негізгі фактор емес сияқты. Меніңше, бюджеттің салық түсімі орындалмады. 2024 жылы республикалық бюджеттің шығыны 22 трлн теңге болды, бірақ салықтардан 11,5 трлн теңге ғана түсті. Сосын прогрессивті салық, яғни бай-бағландарға салынатын салық әлі енгізілген жоқ. Ал президент оны 2019 жылы айтқан. Шенеуніктер бұл бастаманы да созып келеді", - деді Жұбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Бұдан бөлек, бюджетке қарап отырған квазимемлекеттік компанияларды азайтпаса, қазынаның қаржысы азая береді, халықтың жағдайы да жақсармайды.
"Сондықтан 2025 жылы үлкен өзгеріс болады деп айту қиын. Ал экономикада үлкен өзгеріс болмаса, ұлттық валютамыз теңге күшеймейді. Ашығын айту керек, бүгінде ресейлік рубль қай жаққа құбылса, біздің теңгеміз де өзгеріп отырады. Бұл – қалыпты жағдай. Себебі Ресеймен тығыз сауда-саттық жүргізіледі, Еуразиялық экономикалық одаққа кіреміз. Сондықтан келесі жылы рубль құнсызданса, теңге де әлсірей береді", - деп атап көрсетті Жұбаев.
Сарапшының айтуынша, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы әлсіреген сайын бюджетке теңгемен түсетін қаржының көлемі көбейеді. Ресей де соны біліп, бюджетін толтырып жатады.
"Келесі жылы қатты девальвация болмайды. Сол рубльдің айналасында жүре береміз", - дейді экономист.
Теңге үшін тиімсіз шаралар
Бұған дейін ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Трамптың ұлықтау рәсімін күту керектігін ашық айтқан болатын. Себебі АҚШ-тың жаңа президенті өз қызметіне кіріскеннен кейін теңге үшін тиімсіз бастамалар қабылдауы әбден мүмкін. R-Finance қаржы кеңесшісі Арман Байғановның айтуынша, ондай сыртқы факторларды міндетті түрде ескеру керек.
"Иә, Трамптың келуімен протексционистік шаралар қолға алынуы мүмкін. Мәселен, қазірдің өзінде Мексика мен Канада тауарларына баж салықтарын енгіземін деп отыр. Ондайда доллар басқа валюталарға шаққанда күшейе бастайды. Бірақ шикізат ресурстары мен қор нарықтары құлдырайды. Мұнайдың бағасы да төмендеуі мүмкін. Ол біздің экономикамызға кері әсерін тигізеді. Себебі бүгінде бюджетімізге қаржының басым бөлігі мұнай мен шикізат ресурстарынан түседі", - деді Байғанов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Алайда мұнай бағасынан бұрын Қазақстанға қатты әсер ететін бір сыртқы фактор бар. Ол – Ресей мен Украинаның қақтығысы. Ресей рублінің әлсіреуі теңгеге де әсер етеді. Оны 2024 жылдың соңында анық байқадық.
"Сондықтан Ресей мен Украинаның қақтығысы тезірек шешілсе, экономикалық жағдай да жақсарады. Өйткені рубльдің девальвациясы теңгеге де әсер етіп отырады. Сосын тағы бір маңызды мәселені ұмытпау керек. 2024 жылы 11 айдың ішінде Қазақстанда Ресейдің импорты бірінші орынға шықты. Бұрын Қытай болса, қазір сөреде ресейлік тауарлар көп. Сондықтан қазіргі теңге-рубль бағамы да сәйкес емес", - деп атап көрсетті Байғанов.
Сарапшының айтуынша, бүгінде сырттан алынған қарыздарға да біраз ақша кетіп жатыр. Сондықтан қазынаға түсетін қаражат өспесе, ішкі және сыртқы қарыздың салмағы арта түседі.
Соңғы екі жылда Қазақстанда алтын-валюта қоры өсті. Ал ұлттық қордың қаржысы қатты көбеймесе де, азайған жоқ. Экономист Арман Байғановтың ойынша, осы резервтер экономикадағы кері жағдайлардың әсерін төмендеуге көмектеседі.
"Жаңа жылда қандай да бір девальвациялық қауіп-қатерлер болса да, ұлттық банк ұлттық валюта бағамын ұстай алады. Ол үшін қажетті резервтер бар. Дегенмен, бір жылдың ішінде теңгенің бағамы 10-15 процентке тағы әлсіреуі мүмкін. Ұлттық валютамыз күшеймейді. Себебі Қазақстанда соңғы үш жылдың ішкі инфляция өте жоғары болды. Соның бәрі жиналып қалды", - дейді Байғанов.
Сарапшының айтуынша, соңғы он жылдың ішінде теңге орташа есеппен жыл сайын 7 процентке әлсіреп отырды.
"Бұл үрдіс сақталып отыр, оны қалыпты жағдай деуге болады. Бірақ сыртқы қарызымыз бар, бюджеттің кіріс жағы орындалмай отыр. Ресей мен Украинаның қақтығысы, басқа да сыртқы факторларды ескерсек, бір жылдың ішінде ұлттық валютаның 10-15 процентке әлсіреу қаупі бар", - деп атап көрсетті экономист.