ТМД елдерінің халқы Жаңа жыл мен Рождествода қанша күн демалады

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыдағы Жаңа жыл
Алматыдағы Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2024
Жазылу
Ресейде демалыс күндері ең ұзақ болайын деп тұр
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері бойынша бірінші департаменті Достастық елдерінің халқы Жаңа жыл мен Рождество мерекесіне қанша күн демалатынын хабарлады.
Ең ұзақ демалыс Ресейде - 11 күн, мерекелер 2025 жылдың 1 қаңтарынан 8 қаңтарына дейін созылады. Жаңа жылдық мерекелер Ресейде 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталды.
Сондай-ақ көп демалатындар қатарында Қырғызстан, Армения және Өзбекстан бар.
2025 жылы Қырғызстанда 1 қаңтардан 7 қаңтарға дейін демалыс болады.
Өзбекстанда республика халқы 6 күн қатарынан демалады: 28 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында.
Арменияда Жаңа жыл мерекелеріне байланысты 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығындағы күндер жұмыс істемейді. 6 қаңтар - Рождество, бұл күні де демалыс болады.
Әзербайжанда жұмыс істемейтін күндер 2024 жылдың 30 желтоқсанынан 2025 жылдың 5 қаңтарына дейін созылады.
Қазақстанда ресми түрде 2025 жылдың 1 қаңтары мен 4 қаңтары аралығында демалыс, 5 қаңтар жаңа жылдың бірінші жұмыс күні болады. Дегенмен, 7 қаңтар Рождество күні, сондықтан сейсенбі демалыс болады.
Беларусь тұрғындары 1 және 2 қаңтарда демалады. Келесі демалыс күні - 7 қаңтарда Беларусьте жыл сайын Рождество тойланады.
Ал ең қысқа демалыс Тәжікстанда, тек бір ғана демалыс күні – 1 қаңтар.
Поезд Тальго отправился в первый рейс из столицы до Алаколя - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2024
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Жаңалықтар
0