https://sputnik.kz/20241231/qazaqstanda-2024-zhyly-aleumettik-tolemderge-53-trln-tenge-bolindi-49692776.html
Қазақстанда 2024 жылы әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бөлінді
Қазақстанда 2024 жылы әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бөлінді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. 31.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-31T14:50+0500
2024-12-31T14:50+0500
2024-12-31T14:50+0500
зейнетақы
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. Биыл инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, базалық және ортақ зейнетақылар, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті. Ал мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жылдың ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғарғысы – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру қажет.Бұдан бөлек, 2024 жылдан бастап жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастады. Бүгінде 4,3 млн-нан астам жұмыс істейтін азаматтардың жарнасы төленді.Биыл зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселесі де шешілді. Соның нәтижесінде жаңадан тағайындалған арнайы әлеуметтік төлем енгізіліп, 1 қаңтардан бері 13 мың адамға тағайындалды.Жалпы, 2024 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бағытталды, бұл жалпы бюджет шығыстарының 22 процентін құрайды.
https://sputnik.kz/20241230/zeynetaqy-qory-11-aydagy-investitsiyalyq-kiristin-kolemin-zhariyalady-49658476.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы, жәрдемақы
Қазақстанда 2024 жылы әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бөлінді
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Биыл инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, базалық және ортақ зейнетақылар, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті. Ал мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жылдың ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғарғысы – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру қажет.
"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60%-дан 65%-ға дейін өсті, бұл 28 215 теңгені құрайды, ең жоғары мөлшері – ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100%-дан 105%-ға дейін, бұл 45 578 теңгені құрайды", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, 2024 жылдан бастап жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастады. Бүгінде 4,3 млн-нан астам жұмыс істейтін азаматтардың жарнасы төленді.
Биыл зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселесі де шешілді. Соның нәтижесінде жаңадан тағайындалған арнайы әлеуметтік төлем енгізіліп, 1 қаңтардан бері 13 мың адамға тағайындалды.
Жалпы, 2024 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бағытталды, бұл жалпы бюджет шығыстарының 22 процентін құрайды.