Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Пентагон Байден президенттігі кезінде Украинаға қандай көлемде көмек берілгенін жариялады

© AFP 2024 / JOE RAEDLEДжо Байден
Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден кезінде Украинаға америкалық әскери көмектің жалпы көлемі 66 миллиард доллардан асты, деп хабарлады Пентагон. Бұл туралы РИА Новости жазды.

"Байден билікте болған уақыттан бері АҚШ Украинаға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 66 миллиард доллардан астам көмек көрсетті", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Пентагондағылар 2022 жылдың 24 ақпанында ресейлік арнайы әскери операция басталғаннан бері бұл сома 65,4 миллиард долларды құрағанын хабарлады.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы қақтығысқа тікелей араласуда. Кремль Украинаны Батыстан қару-жарақпен қамтамасыз ету келіссөздерге көмектеспейді және кері әсер етеді деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
0