Жезқазғанға үкімет резервінен 1,5 млрд теңге бөлінді

© bauyr07ТЭЦ в Семее модернизируют
ТЭЦ в Семее модернизируют - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2024
Жазылу
Ұлытау облысындағы жылумен жабдықтау желілерінің 58 проценті тозған
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға үкімет резервінен 1,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрлер кабинетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қаржы Ұлытау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер ретінде аударылады. Бұл ақша "Жезқазған қаласының ТМ11 жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғырту" жобасының 2-ші кезегін іске асыруға жұмсалады.
Ресми мәліметке сәйкес, облыста жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 639 шақырымды, тозу деңгейі 58 процентті құрайды. Желілердің негізгі бөлігі 1951 жылдан бастап пайдалануға берілген. Ал Жезқазғанда желілердің тозуы 60 процентке жетті.
"Жезқазған қаласын жылумен қамту жағдайын жақсарту үшін облыс әкімдігі жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасына түзетулер енгізді. Нәтижесінде бүгінгі таңда 5 іске қосу кешенінің 5-ші кезеңін аяқтау үшін 1,5 млрд теңге қажет", - делінген ресми хабарламада.
Үкімет резервінен бөлінген қаражат 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымын іркіліссіз өткізуге мүмкіндік бермек.
Жаңалықтар
0