Жаңа жылдың алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады

© Sputnik / Абзал Калиев В столице Казахстана - Нур-Султане - сильная метель
 В столице Казахстана - Нур-Султане - сильная метель - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күнге –31 желтоқсан мен 1,2 қаңтарға болжам жасады.
Қазгидрометтің мәліметінше Қазақстанның солтүстік өңірлері циклонның әсерінде болады.
"Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауып, бұрқасындатады. 1-2 қаңтарда қатты жел соғады, батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), көктайғақ", - деп жазылған хабарламада.
31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжануда. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы:
түнде батыста 5 градус аяз-5 градус жылы,
күндіз 3 градус аяз -10 градус жылы.
Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 градус аяз -2 градус жылы, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аязға дейін жоғарылайды, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгеріс күтілмейді.
Жаңалықтар
0