https://sputnik.kz/20241230/ulttyq-bank-zhana-kollektsiyalyq-monetalardy-aynalymga-shygarady-49680819.html
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Sputnik Қазақстан
Олар: "Спорт" сериясынан "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" және "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ" коллекциялық монеталары 30.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-30T17:28+0500
2024-12-30T17:28+0500
2024-12-30T17:28+0500
ұлттық банк
монета
https://sputnik.kz/img/1434/97/14349712_0:318:3072:2046_1920x0_80_0_0_4521e491259f128a0d70be653040b3e9.jpg
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк "Спорт" сериясынан "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" және "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады."ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" коллекциялық монеталарыҰлттық банк Қазақстан футбол федерациясымен бірлескен жоба аясында "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" коллекциялық монеталарының 13 түрін айналымға шығарады.Монеталарда 2024 жылғы маусымның Қазақстан премьер-лигасы клубтарының логотиптері бейнеленген. Монеталар әр түрінен 7000 дана таралыммен дайындалады. Оның 5000 данасы жеке блистерде және әр түрінен 2000 монета "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" кәдесый блистер жиынтығында жинақталады.Монеталар мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – әр түрінен 7000 дана."ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ" коллекциялық монеталары"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ" монетасында Қазақстан футбол федерациясының логотипі бейнеленген. Ол 2000 дана таралыммен дайындалып, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" кәдесый блистер жиынтығының құрамында сатылады.Монеталар мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы –2000 дана.Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
https://sputnik.kz/20241002/ulttyq-bank-shayrayyz-shattyqqa-tolsyn-kollektsiyalyq-monetalaryn-aynalymga-shygarady-47485139.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1434/97/14349712_260:0:2991:2048_1920x0_80_0_0_aff1c18098e00a991c3f54fb2265a006.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, монета
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Олар: "Спорт" сериясынан "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" және "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ" коллекциялық монеталары
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк "Спорт" сериясынан "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" және "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" коллекциялық монеталары
Ұлттық банк Қазақстан футбол федерациясымен бірлескен жоба аясында "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" коллекциялық монеталарының 13 түрін айналымға шығарады.
Монеталарда 2024 жылғы маусымның Қазақстан премьер-лигасы клубтарының логотиптері бейнеленген. Монеталар әр түрінен 7000 дана таралыммен дайындалады. Оның 5000 данасы жеке блистерде және әр түрінен 2000 монета "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" кәдесый блистер жиынтығында жинақталады.
Монеталар мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – әр түрінен 7000 дана.
"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ" коллекциялық монеталары
"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ" монетасында Қазақстан футбол федерациясының логотипі бейнеленген. Ол 2000 дана таралыммен дайындалып, "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" кәдесый блистер жиынтығының құрамында сатылады.
Монеталар мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы –2000 дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.