Отбасы банк 2025 жылы ислам ипотекасын іске қосуды жоспарлап отыр

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуКлючи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2024
Жазылу
Шариғат қағидаларына негізделген ислам ипотекасында пайыздар негізгі қарызға қосылмайды
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Отбасы банк серіктестерімен бірге 2025 жылы Қазақстанда ислам ипотекасын іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Отбасы банкі, Қазақстан құрылысшылар одағы және Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығы (AIFB) Қазақстандағы исламдық қаржы индустриясын дамыту туралы меморандумға қол қойды.
Бірінші кезеңде тараптар қазақстандық заңнаманы зерделеу және тиісті өзгертулер енгізу, исламдық қаржыландыру саласында бірлескен оқыту семинарлары мен вебинарлар өткізу, бірлескен сараптамалық, ақпараттық, талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша бірлесіп жұмыс істеуі керек.
"Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Қазақстанда ислам ипотекасына сұраныс жоғары.
"Діни ұстанымдағы азаматтарымыз ақшаны өсімге алмауы, пайдаланбауы керек. Бірақ оларға да өзге азаматтарымызға сияқты жеке баспана қажет. Біз бір қоғам және мемлекетпіз, бізде діни сенім бостандығы бар. Сенімі баспана мәселесін шешуге мүмкіндік бермейтін қазақстандықтарға қолдау көрсетуіміз керек. 2025 жылы біз алдымызға исламдық ипотеканы іске қосу бойынша жұмысты бастау міндетін қойдық. Бізде ислам ипотекасы қарастырылмаған тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы заң бар. Алайда заңнамалық бастамалар заңда "исламдық терезе" деп аталатын жеке бөлімді құруға және ислам ипотекасын алу үдерісін сипаттауға көмектеседі", - деп түсіндірді Ибрагимова.
Шариғат қағидаларына негізделген ислам ипотекасында пайыздар негізгі қарызға қосылмайды. Сондықтан алдағы уақытта банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін пайдалана отырып, исламдық қағидаттар бойынша тұрғын үйді қаншалықты нақты сатып алуға болатынын қарастырады.
Сондай-ақ Отбасы банк CSQlaw малайзиялық компаниясының Қазақстандағы филиалымен де меморандумға қол қойды. Бұл компания Отбасы банк қызметкерлерін шариғатқа сай қаржылық құқық негіздері мен исламдық қаржыландыру бойынша кешенді оқытуды ұйымдастырады.
Жаңалықтар
0