https://sputnik.kz/20241229/ushaq-apaty-kezinde-algashqy-bolyp-komekke-kelgen-serzhant-qutqaru-zhumystary-turaly-aytty--49648411.html
Ұшақ апаты кезінде алғашқы болып көмекке келген сержант құтқару жұмыстары туралы айтты
Ұшақ апаты кезінде алғашқы болып көмекке келген сержант құтқару жұмыстары туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Баку-Грозный рейсінің апат орнына алғашқылардың бірі болып келген әскери-әуе күштері авиациялық базасының әскери қызметшісі... 29.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-29T21:00+0500
2024-12-29T21:00+0500
2024-12-29T21:00+0500
ақтау
ұшақ апаты
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1c/49641202_0:74:474:341_1920x0_80_0_0_45cdf0aecab24f12637ed2ab20682c80.jpg
АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Баку-Грозный рейсінің апат орнына алғашқылардың бірі болып келген әскери-әуе күштері авиациялық базасының әскери қызметшісі кіші сержант Нұрлан Ботағарин құтқару жұмыстарының барысы туралы айтып берді.Бұл күні ол техникаға қызмет көрсетумен айналысты. Ұшақтар олардың бөліміне үнемі жақын ұшатын. Бірақ бұл жолы Нұрлан Ботағарин әдеттегіден бөлек жағдайды байқады. Ақтауға ұшып бара жатқан ұшақ ұшу-қону жолағына жетпей ілмек тәрізді шеңберлер жасап, теңіз жағасына құлап, отқа оранды.Оқиға туралы кезекшіге хабарлаған Нұрлан Ботағарин дереу автокөлікпен ұшақ апатқа ұшыраған жерге аттанды."Басында жолаушылар жарақат алуы мүмкін деген ой келді. Мен бірінші болып ұшақтың артынан шыға алған он жас шамасындағы ақ күртеше киген қызды көрдім. Бізге басқа машиналар келе жатқанын байқап, мен оны солай қарай бағыттадым Жоғарыға көтеріліп, ұшақтың ішіне кіріп, зардап шеккендерге көмектесе бастадым", – деп бөлісті Ботағарин.40 секундтан кейін Маңғыстау электр желілік компаниясының өкілдері адамдарды құтқаруға қосылды. Нұрлан Ботағарин оларға жараланған онға жуық жолаушыны пайда болған саңылау арқылы шығарып бере алды.Әскери қызметші түсіндіргендей, жағдай өте қорқынышты болды. Психикалық күйзеліске қарамастан, адамдарға көмектесуге тырысты. Ол адамдарға бірінші болып көмекке келгені туралы ешкімге айтқан жоқ. Апат орнында ТЖ қызметтері мен дәрігерлер жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіп, ол бөлімге кете барды. Әскери қызметшінің ержүрек әрекеті туралы бүгін кейбір БАҚ-тан белгілі болды. Оларға батырды Сайын Шапағатов кентінің тұрғындары фотосурет арқылы табуға көмектесті.Кіші сержант Нұрлан Ботағарин 2017 жылдан бастап Қарулы күштерде қызмет етеді. Ол Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы, 29 жаста. Жұбайы Гүлімханмен бірге Ақжайна мен Ясина атты екі қыз тәрбиелеп отыр.
https://sputnik.kz/20241229/aqtauda-ushaq-apatynan-keyin-khalyqaralyq-sarapshylardyn-qatysuymen-zhiyn-otti-49647575.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/1c/49641202_0:182:474:538_1920x0_80_0_0_4425655f8c9605185ea38e7cacc2cf80.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, ұшақ апаты
АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Баку-Грозный рейсінің апат орнына алғашқылардың бірі болып келген әскери-әуе күштері авиациялық базасының әскери қызметшісі кіші сержант Нұрлан Ботағарин құтқару жұмыстарының барысы туралы айтып берді.
Бұл күні ол техникаға қызмет көрсетумен айналысты. Ұшақтар олардың бөліміне үнемі жақын ұшатын. Бірақ бұл жолы Нұрлан Ботағарин әдеттегіден бөлек жағдайды байқады. Ақтауға ұшып бара жатқан ұшақ ұшу-қону жолағына жетпей ілмек тәрізді шеңберлер жасап, теңіз жағасына құлап, отқа оранды.
Оқиға туралы кезекшіге хабарлаған Нұрлан Ботағарин дереу автокөлікпен ұшақ апатқа ұшыраған жерге аттанды.
"Басында жолаушылар жарақат алуы мүмкін деген ой келді. Мен бірінші болып ұшақтың артынан шыға алған он жас шамасындағы ақ күртеше киген қызды көрдім. Бізге басқа машиналар келе жатқанын байқап, мен оны солай қарай бағыттадым Жоғарыға көтеріліп, ұшақтың ішіне кіріп, зардап шеккендерге көмектесе бастадым", – деп бөлісті Ботағарин.
40 секундтан кейін Маңғыстау электр желілік компаниясының өкілдері адамдарды құтқаруға қосылды. Нұрлан Ботағарин оларға жараланған онға жуық жолаушыны пайда болған саңылау арқылы шығарып бере алды.
Әскери қызметші түсіндіргендей, жағдай өте қорқынышты болды. Психикалық күйзеліске қарамастан, адамдарға көмектесуге тырысты. Ол адамдарға бірінші болып көмекке келгені туралы ешкімге айтқан жоқ. Апат орнында ТЖ қызметтері мен дәрігерлер жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіп, ол бөлімге кете барды. Әскери қызметшінің ержүрек әрекеті туралы бүгін кейбір БАҚ-тан белгілі болды. Оларға батырды Сайын Шапағатов кентінің тұрғындары фотосурет арқылы табуға көмектесті.
Кіші сержант Нұрлан Ботағарин 2017 жылдан бастап Қарулы күштерде қызмет етеді. Ол Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы, 29 жаста. Жұбайы Гүлімханмен бірге Ақжайна мен Ясина атты екі қыз тәрбиелеп отыр.