https://sputnik.kz/20241229/aqsh-ta-ukraina-boyynsha-kelissozderdi-bastau-ushin-barlyq-mumkindik-bar---lavrov-49645732.html
АҚШ-та Украина бойынша келіссөздерді бастау үшін барлық мүмкіндік бар - Лавров
АҚШ-та Украина бойынша келіссөздерді бастау үшін барлық мүмкіндік бар - Лавров
Sputnik Қазақстан
Егер Вашингтон шынымен де қақтығысты тоқтатқысы келсе, олар Киевке қару-жарақ жеткізуді тоқтатар еді, дейді Лавров 29.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-29T10:32+0500
2024-12-29T10:32+0500
2024-12-29T10:32+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
ақш
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/09/49148957_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_913e48881d0ca98ef02f9bce3d6c8d7e.jpg
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. Вашингтондағы жаңа, сондай-ақ ескі әкімшілікте Украина мәселесі бойынша келіссөздерді бастауға барлық мүмкіндік бар, деді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерді. Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатып, келіссөздерге дайын екенін жариялайды. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын және демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға тиіс деп айтты. Ресей басшысы Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жойылуын да тілге тиек етті.Украина қарулы күштерінің Курск аймағына шабуылынан кейін Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп атады. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кейінірек Путин бұрын мәлімдеген ұсыныстары күшін жоймағанын, бірақ қазіргі уақыттағы жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін айтты.
ресей
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/09/49148957_96:0:2827:2048_1920x0_80_0_0_0d52c50eeaec9ae26c5eba2124133a5d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, ақш
АҚШ-та Украина бойынша келіссөздерді бастау үшін барлық мүмкіндік бар - Лавров
Егер Вашингтон шынымен де қақтығысты тоқтатқысы келсе, олар Киевке қару-жарақ жеткізуді тоқтатар еді, дейді Лавров
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. Вашингтондағы жаңа, сондай-ақ ескі әкімшілікте Украина мәселесі бойынша келіссөздерді бастауға барлық мүмкіндік бар, деді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров
РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
"Әрине, жаңа әкімшілікте де, қазір жұмыс істеп тұрған әкімшілікте де мұндай мүмкіндіктер бар. Ол тек осы тетіктерді өзіне және Киевке қолдануы керек. Егер Вашингтон шынымен де қақтығысты тоқтатқысы келсе, олар Киевке қару-жарақ жеткізуді тоқтатар еді, Киевке атысты тоқтатуды, Ресей басшылығымен келіссөздерді қагдай да бір шартсыз жалғастыруды, Зеленскийдің келіссөздер жүргізуге тыйым салатын жарлығының күшін жоюды бұйырар еді", - деді Лавров агенттікке.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерді. Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатып, келіссөздерге дайын екенін жариялайды. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын және демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға тиіс деп айтты. Ресей басшысы Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жойылуын да тілге тиек етті.
Украина қарулы күштерінің Курск аймағына шабуылынан кейін Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп атады. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кейінірек Путин бұрын мәлімдеген ұсыныстары күшін жоймағанын, бірақ қазіргі уақыттағы жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін айтты.