Ұшақ апатынан зардап шеккен алты адамның жағдайы тұрақтанды

© AP Photo / Акимат Мангистауской областиКрушение азербайджанского самолета в Актау
Крушение азербайджанского самолета в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Ұшақ апатынан зардап шеккен алты адамның жағдайы тұрақтанды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
"Бүгінгі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 пациент емделуде, оның төртеуі реанимация бөлімшесінде, екеуі травматологияда. Олардың жағдайы нашарлаған жоқ, бір пациент вазопрессорлардан шығарылады және бір зардап шеккен адамның тониктерінің дозасы 3-тен 1-ге дейін төмендетілді", - деп жазылған хабарламада.
Қырғызстан Республикасы денсаулық сақтау органдарымен 3 зардап шеккен адамды тасымалдау бойынша мәселелер пысықталуда, оның 2-уі тасымалдауға жарайды, 1 - ауыр жағдайда, ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Әзербайжан Республикасынан екі пациентті эвакуациялау мәселесі бойынша дәрігерлермен консилиум өткізу, олардың тасымалдау жағдайындағы жай-күйіне баға беру жоспарлануда.
Ақтау қаласындағы әуежай маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 29 адамның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Пациенттер әртүрлі жарақатпен, негізінен бірнеше зақыммен келіп түсті, бұл – мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шок.
Ұшақ апатынан кейін 10 минуттың ішінде зардап шеккендерге медициналық алғашқы көмек көрсету үшін Маңғыстау облысының 22 жедел медициналық жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының 6 бригадасы оқиға орнында болды.
Екі күннің ішінде республика бойынша қан орталықтарында 1,5 мыңнан астам адам 800 литр қан тапсырды. Ақтаудың өзінде донорлық пункттерге 490 адам келді, Астанада – 600-ден астам адам, Шымкентте – 125, Ақтөбеде – 109, Жетісуда – 49, Қарағандыда-40, ШҚО-34 адам қан тапсырды және басқа өңірлерде де адамдар бұл апатқа бей-жай қараған жоқ.
Ақтауға Бразилиядан мамандар келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2024
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Бразилиядан мамандар келді
Жаңалықтар
0