https://sputnik.kz/20241228/shymkenttin-meditsina-mekemeleri-zhana-zhedel-zhardem-kolikterin-aldy-49626194.html
Шымкенттің медицина мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін алды
Шымкенттің медицина мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін алды
Sputnik Қазақстан
22 көлік төртінші санаттағы емдеу мекемелеріне арналған және шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық құралмен жабдықталған 28.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-28T12:46+0500
2024-12-28T12:46+0500
2024-12-28T12:58+0500
медицина
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0e/16794851_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_0c79eb45315da4bbc9573d9d0f212596.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жыл қарсаңында Шымкенттегі емдеу мекемелеріне жаңа жедел жәрдем көліктері берілді, деп хабарлады otyrar.kz.22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Шаһар басшысы жедел медициналық көмектің сапасын арттыру басты міндет екенін баса айтты.Бұл жаңа 22 көлік төртінші санаттағы емдеу мекемелеріне арналған және шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық құралмен жабдықталған. Қазіргі таңда қала тұрғындары мен қонақтарына 4 филиал және 10 қосалқы станция жедел медициналық көмек көрсетеді, онда 106 бригада, оның ішінде 28 дәрігер және 78 фельдшер жұмыс істейді.Халық санының артуына байланысты қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін жекеменшік амбулаториялық мекемелерде жедел жәрдем бригадаларының санын кеңейту туралы шешім қабылданды. Бұл халыққа көрсетілетін медициналық көмек көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Келесі жылы тағы 25 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарлануда.
https://sputnik.kz/20241222/meditsina-qyzmetkerlerine-qarsy-zhasalgan-qylmys-ushin-adil-zhaza-berilui-kerek---ministr-49459771.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0e/16794851_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_937ec676ea224e4f359a3f44312c6915.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина, шымкент
Шымкенттің медицина мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерін алды
12:46 28.12.2024 (жаңартылды: 12:58 28.12.2024) 22 көлік төртінші санаттағы емдеу мекемелеріне арналған және шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық құралмен жабдықталған
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жыл қарсаңында Шымкенттегі емдеу мекемелеріне жаңа жедел жәрдем көліктері берілді, деп хабарлады
otyrar.kz.
22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Шаһар басшысы жедел медициналық көмектің сапасын арттыру басты міндет екенін баса айтты.
Бұл жаңа 22 көлік төртінші санаттағы емдеу мекемелеріне арналған және шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық құралмен жабдықталған. Қазіргі таңда қала тұрғындары мен қонақтарына 4 филиал және 10 қосалқы станция жедел медициналық көмек көрсетеді, онда 106 бригада, оның ішінде 28 дәрігер және 78 фельдшер жұмыс істейді.
"Біз төртінші санатты емханаларға арналған 22 жедел жәрдем көлігін алдық. Қалған көліктер медициналық көмекті уақтылы және ыңғайлы түрде көрсетуі үшін стационарлық мекемелер арасында бөлінген. Автомобильдер адамды тасымалдауға арналған құралмен және барлық қажетті жабдықпен жабдықталған", - дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысыНұрлыбек Асылбеков.
Халық санының артуына байланысты қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін жекеменшік амбулаториялық мекемелерде жедел жәрдем бригадаларының санын кеңейту туралы шешім қабылданды. Бұл халыққа көрсетілетін медициналық көмек көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Келесі жылы тағы 25 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарлануда.