Жетісу облысында балабақша директоры сотталды

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2024
Жазылу
Ол балабақшаға бармаған балалар үшін мемлекеттен заңсыз төлемдер алып отырған
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Жетісу облысының Панфилов ауданындағы балабақшалардың бірінде жан 11 миллион теңге көлемінде бюджет қаражаты жымқырылғаны анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратураның сайты.
"Kaisar KK" бөбекжайының директоры 2 жыл бойы балабақшаға келмеген балаларды барды деп көрсетіп, жалған есептер ұсынған", - деп жазылған хабарламада.
Осылайша ол бармаған балалар үшін мемлекеттен заңсыз төлемдер алып отырған.
Сот бұл әрекетті алаяқтық деп танып, басшыға 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
0