https://sputnik.kz/20241227/vitse-ministr-otandyq-tauar-ondirushilerdi-qoldau-sharalary-turaly-aytty-49582625.html
Вице-министр отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары туралы айтты
Вице-министр отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Мемлекеттік сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары қолданылып жатыр. Биыл 4,5 мың тауарлық позиция... 27.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-27T08:00+0500
2024-12-27T08:00+0500
2024-12-27T10:05+0500
тауар
жеке кәсіпкерлер
https://sputnik.kz/img/547/94/5479478_0:176:3500:2145_1920x0_80_0_0_8abf36eaf9bbb9e6a44a18502a0e4e17.jpg
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Мемлекеттік сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары қолданылып жатыр. Биыл 4,5 мың тауарлық позиция бойынша жеті үкімет қаулысы қабылданды. Енді бұл тауарлар сатып алуға міндетті болып табылады. Отандық шағын және орта бизнес субъектілерінен сатып алынатын қызметтер тізбесі бекітілді. Заңға сай офтейк келісім-шарттар енгізілді. Яғни, елімізде шығарылатын тауарлардың жеткізушілері мен мемлекеттік органдар тікелей шарт жасаса алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил ОКҚ брифингінде хабарлады.Оның айтуынша, заңға тәуелді актілер мен отандық тауар өндірушілерге міндетті түрде 30%-дық аванс төленеді.Аймақтардағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында көп жұмыс атқарылды. 1 жылдан артық уақыт жұмыс істеп, материалдық-техникалық базасы бар, уақытылы салық төлейтін компанияларға балдық үстемақы беру жүйесі пилоттық режимде енгізілді.
https://sputnik.kz/20240822/otandyq-tauar-ondirushilerdi-qoldau-ukimet-bayterek-kholdingine-tapsyrma-berdi-46523921.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/547/94/5479478_202:0:3298:2322_1920x0_80_0_0_3763ac8790859adb7ce6a4d570f4cbde.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тауар, жеке кәсіпкерлер
Вице-министр отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары туралы айтты
08:00 27.12.2024 (жаңартылды: 10:05 27.12.2024) АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Мемлекеттік сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары қолданылып жатыр. Биыл 4,5 мың тауарлық позиция бойынша жеті үкімет қаулысы қабылданды.
Енді бұл тауарлар сатып алуға міндетті болып табылады. Отандық шағын және орта бизнес субъектілерінен сатып алынатын қызметтер тізбесі бекітілді. Заңға сай офтейк келісім-шарттар енгізілді. Яғни, елімізде шығарылатын тауарлардың жеткізушілері мен мемлекеттік органдар тікелей шарт жасаса алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил ОКҚ брифингінде хабарлады.
Оның айтуынша, заңға тәуелді актілер мен отандық тауар өндірушілерге міндетті түрде 30%-дық аванс төленеді.
"Біздің тауар өндірушілер үшін кез келген өтінімнің кепілдемесін алып тастап жатырмыз. 3 түрлі кепілдеме бар. Тауар өндірушілер үшін айыпақы көлемін азайтамыз. 10 түрлі айыпақы бар. Айыппұлды 3%-ға дейін түсіріп отырмыз. Бұл да біздің тауар өндірушілер үшін үлкен қолдау деген ойдамыз", – деді спикер.
Аймақтардағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында көп жұмыс атқарылды. 1 жылдан артық уақыт жұмыс істеп, материалдық-техникалық базасы бар, уақытылы салық төлейтін компанияларға балдық үстемақы беру жүйесі пилоттық режимде енгізілді.